Сенбі, 27 Сәуір 2024
Билік 8168 0 пікір 4 Тамыз, 2015 сағат 18:41

100 НАҚТЫ ҚАДАМ МЕДИЦИНА САЛАСЫНДА

2015 жылдың 03 тамызында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын насихаттау мақсатында Алматы қаласы № 15 поликлиникасының медициналық персоналының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен және Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасымен бірігіп өткізілді.

Іс-шара барысында Деапартамент қызметкерлері бес институционалдық реформаларының негізгі аспектілерін атап өтті, мысалы : кәсіби мемлекеттік аппарат құру, мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу ресімін орталықтандыру, 3+3 формуласы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімін еңгізу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу және денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қасынан медициналық қызмет сапасы бойынша бірлескен комиссияны құру.

Семинар-кеңес барысында медициналық қызметкерлермен қойылғын бірнеше сұрақтарға толық жауап берілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті

0 пікір