Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4204 0 пікір 6 Тамыз, 2015 сағат 16:14

Қырғызбен шекарамыздағы кедендік бақылау жойылады

6 тамызда Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы туралы шарт күшіне енеді. Қырғызстан Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресеймен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың толыққанды мүшесі атанады.

today.kz-тің жазуынша, бұл туралы ЕЭК баспасөз қызметінің хабарламасында айтылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше, 5 тамызда Қазақстан Республикасы Қырғызстанның ЕАЭО-ға қосылуы туралы шартты ратификациялау рәсімін аяқтады.

ЕАЭО-ға Қырғызстанның қосылуы туралы Шарттың 11-бабына сәйкес дипломатиялық арналар арқылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы хабарламаны алған күні бұл Шарт күшіне енеді. Осы кезден бастап Қырғыз Республикасы ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі.

Атап айтқанда, "Мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ учаскесінде кедендік бақылаудың күшін жою туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың 2015 жылғы 8 мамырдағы шешімі мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ учаскесіндегі кедендік бақылаудың күшін жою Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға кіруі туралы шарт күшіне енген күннен бастап іске қосылатыны көзделген, деп хабарлаған КирТАГ.

Абай-ақпарат

0 пікір