Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3961 0 пікір 7 Тамыз, 2015 сағат 12:25

ОМБЫНЫҢ 299 ЖЫЛДЫҒЫМЕН УӘЛИХАНОВТЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАТАР ТОЙЛАНДЫ

Омбылықтар қаланың 299-шы туған күнін 31 шілде мен 4 тамыз күндері кеңінен тойлады. Биыл Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына орай ғалымның атына берілген көшеде ауқымды іс-шаралар өтті. Көшеде «Этно-жаз» шығармашылық жобасы, «Достық жағалауы» ұлттық мәдени мерекесі мен Ш. Уәлихановтың 180 жылдығына арнап «Ұлы даланың соңғы ханзадасы» экскурсиясы ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа «Омбы қазақтары» қауымдастығының өкілі Торғын Әшенова хабарлаған.  

«Достық жағалауы» шарасына 40-қа жуық ұлттық-мәдени ұйымының өкілдері қатысты. Қатысушылар қала тұрғындары мен қонақтарын Омбыда өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің салт- дәстүрімен, мәдениетімен таныстырды. Мерекеге орай қазақ киіз үйі тігіліп, ол  жерде қазақтың ұлттық тағамдары таныстырылған.

Киіз үйде Омбы облысының ұлт өкілдерінің ұлттық-мәдени ұйымдары, «Шоқан жолы» аймақтық қоғамдық ұйымы, «Омбы қазақтары» қауымдастығының өкілдері қала мэрі Вячеслав Двораковский мен Қазақстаннан келген қонақтарды қарсы алды.

Қала мэрі В. Двораковский қала күнімен құттықтап келген қонақтарға алғысын білдірді.

«Мен бұл жерде Омбының нағыз достарын көріп отырмын. Біздің қаламыздың есігі қашанда сіздерге ашық. Біз сіздермен ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға ниеттіміз», - деді қала басшысы.

Мерекелік шаралар Қазақстан Республикасының Консулдығының қасында «Ұлы даланың перзенттері» әдеби-музыкалық кешімен жалғасын тапқан.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1997
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2423
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1979
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1577