Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3048 0 пікір 17 Тамыз, 2015 сағат 02:00

ШЫМКЕНТ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ХАБҚА АЙНАЛАДЫ

Шымкент қаласы маңынан iрi көлiктiк-логистикалық орталық салынып жатқаны көпшiлiкке аян. Оның жалпы аумағы – 230 мың шаршы метр. Мұнда «А» және «В» санатты қоймалардың құрылысын жүргiзуге негiзделген жеке инвестициялық 8 жоба жүзеге асырылуда. Жалпы, құрылыс жұмыстары 2 кезеңнен тұрады. Биыл бiрiншi кезеңi аяқталса, екiншi кезеңдегi жұмыстарды 2016 жылы бiтiру жоспарлануда. Бұл туралы «Оңтүстiк» ақпарат орталығында өткен брифингте «Көлiктiк-логистикалық аймағы» басқарушы компаниясы» ЖШС-нiң бас директоры Сұңғат Абдуллаев айтып бердi.

Ол қоймалармен қатар орталықта контейнерлiк алаңша, кедендiк терминалдар, дистрибуциялық және техникалық қызмет көрсету жайлары, кеңсе ғимараттары, тамақтану орындары мен қонақүй салынатынын жеткiздi.

«Батыс Еуропа–Батыс Қытай» халықаралық көлiк дәлiзiнен 4 шақырым, трансазиялық темiржол магистралiнен 500 метр қашықтықта орналасқан орталық тауар тасымалдау мен оны сақтаудың әлеуетiн арттыру мақсатында құрылып жатыр. Сонымен бiрге, келешекте елiмiздiң «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатына сәйкес Қазақстанды Еуразиялық көлiктiк-логистикалық хабына айналдыру үшiн де бұл орталықтың маңызы ерекше болмақ.

Оның айтуынша, көлiктiк-логистикалық аймақты iске асыру арқылы жыл сайын бюджетке салық және басқа да аударымдар есебiнен 900 миллион теңгеге жуық табыс түсiп отырады. Бүгiнгi таңда Шымкенттен бөлек облыстың өзге қалалары мен аудандарында да логистикалық аймақтарды ашу қолға алынуда. Жергiлiктi әкiмдiк тарапынан көлiктiк-логистикалық орталық құрылысын жүргiзуге Мақтаарал ауданынан – 19 гектар, Сарыағаштан – 10 гектар және Түркiстан қаласынан 20 гектар жер бөлiнiптi. Сондай-ақ, осы логистикалық орталықтардан қоймалар салатын жеке инвесторлар да дайын. Инвестициялық жобаларға сәйкес жоғарыда аталған аймақтарда 80 мың шаршы метр қойма салынуы тиiс.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2165
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2569
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1669