Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3443 0 пікір 17 Тамыз, 2015 сағат 11:36

АҚЫН ТОЙЫ АБАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

Ұлы ақын, ойшыл, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы, аудармашы, философ, композитор, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған мерейтой Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласында жалғасты. «Әлем таныған кемеңгер Абай» атты мерекелік шаралар 2015 жылдың 12 тамызында өтті. Мерейтойға Абай ауданының әкімі С.Шайдаровтың арнайы шақырумен Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының директоры Ж.Әубәкір бастаған қызметкерлер қатысты.

Мерекелік шара шақырылған қонақтар, тілшілер және этноорталықтар өкілдерінің Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Сонан кейін зиялы қауым қаладағы Абай атындағы мұражайға экскурсия жасады. Бағдарлама бойынша жоспарланған ғылыми-тәжірбиелік конференция аудандық Мәдениет үйінде өтті. Конференцияға Қарағанды және облысынан, Астана, Семей қалаларынан келген ғалымдар мен әдебиет сүйер қауым қатысты. Академик ғалым, философия ғылымдарының докторы Ғ.Есім, ақын Н.Айтұлы және басқа ғалымдар ой-пікірлерімен бөлісті. Конференция «Абай – дара, Абай – дана қазақта» атты мүшәйра мен «Әлем таныған кемеңгер Абай» атты театрландырылған мерекемен жалғасты. Сонымен бірге қаланың «Жігер» стадионында қазақ күресі өтті. Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының қызметкерлері барлық шараларға қатысып, ұлы ақын мерейтойына арналған мерекені өткізуге атсалысты.

 

Абай қорық-мұражайының жетекші

ғылыми қызметкері М.Мұхамедова

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2165
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2569
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1669