Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2699 0 пікір 18 Тамыз, 2015 сағат 02:00

ОБЛЫСҚА ІССАПАРМЕН КЕЛГЕН СЕНАТОР 100 НАҚТЫ ҚАДАМ ЖАЙЫН ЖҰРТҚА ТҮСІНДІРДІ

 

Қыркүйек айында басталатын ҚР Парламентiнiң сессиясында қос палата депутаттарын аса ауқымды жұмыс күтiп тұр. Нақтырақ айтар болсақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшiн Парламенттiң қарауына 100-ден астам заң жобасы түседi. Бұл құқықтық құжаттарды қабылдау барысында қарапайым сайлаушылардың пiкiрi мен ұсыныстарын ескерусiз қалдыруға болмайды. Сол себептi заң шығарушы органның өкiлдерi демалыс кезiнде халықпен кездесiп, 100 нақты қадамды түсiндiрiп, олардың да көзқарастарымен және ұстанымдарымен танысуда.

Тап осындай мақсатпен өңiрiмiзге келген ҚР Парламентi Сенатының депутаты Әли Бектаев облыстың бiрқатар аудандарында жергiлiктi тұрғындармен кездесiп, халықты ұлт болашағы үшiн жоспарланған 100 нақты қадамды бiрлесiп жүзеге асыруға шақырды. Ашық пiкiр алаңына айналған басқосуларда тұрғындар көкейдегi сауалдарын қойып, жауап алды деп хабарлайды "Оңтүстік-ақпарат".

– Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы да тиянақты iске асырылып келе жатыр. Онда айтылған әр бағдар – ел дамуын болашаққа бастайтын сара жол. Елбасы сайлауалды бағдарламасында бес институттық реформаны жариялады. Тек бағыт берiп қана қойған жоқ, Президент реформаларды жүзеге асыру үшiн нақты 100 қадамды да ұсынды. Айтылған бағыттардың барлығы бiздiң халықтың да, қоғамдық ұйымдардың да көңiлiнен толық шығып отыр. Бұл реформаларды бүкiл қазақстандықтар жұмыла iске асыратынына күмән жоқ. Себебi, мемлекеттi жаңа сатыға көтеру – болашағымызды жаңа деңгейге көтеру деген сөз, – дедi Әли Әбдiкерiмұлы Ордабасы ауданының әкiмдiгiнде өткен кездесуде.

Айта кетейiк, сенатор Бәйдiбек, Төлеби аудандары мен Түркiстан, Кентау қалаларында да осындай кездесулер өткiздi.

Абай-ақпарт

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2166
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2569
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1670