Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Даңғыл 3545 0 пікір 19 Тамыз, 2015 сағат 02:00

«ЫНТЫМАҚ». ЕЛ ЫРЫСЫ -БІРЛІКТЕ

Елбасы Н.Назарбаевтың бес институттық реформасының төртiншi бағыты мемлекетiмiздiң бiртектiлiгiн қамтамасыз ете отырып, ұлттық құндылықтарымызды дәрiптеуге, ел бiрлiгiн нығайтуға бағытталған. Ел бiрлiгiн нығайтуда «Ынтымақ» этносаралық мәдени бiрлестiгi де белсендiлiгiмен көзге түсуде.

Жыл басынан берi Оңтүсік Қазақстан облысы деңгейiнде ұйымдастырылған iс-шараларға қатысумен қатар, өз тарапынан мемлекетқұраушы қазақ халқының қанатының астына өзге этностарды ұйыстыра түсу мақсатында волонтерлер отрядын құрды. Өңiр студенттерi мен оқушылары арасында «Ел тiлегi – тұрақтылық» атты «Дөңгелек үстел» мәжiлiсiн, «Бiр ел – бiр тағдыр» фестивалiн ұйымдастырды. Отан қорғаушылар күнi қарсаңында «Аналар дастарқаны» қайырымдылық акциясын қолға алып, әскери бөлiмдегi сарбаздарға үй тағамдары ұсынылып, олармен отбасы бiрлiгi, отансүйгiштiк тақырыбында пiкiр алмастық. Тәрбие iргетасы отбасынан, ата-ананың мейiрiмдi алақанынан бастау алатынын ескерсек, отбасы жылуын сезiндiру арқылы әрбiр жасөспiрiмдi патриоттыққа тәрбиелеуге болады.

«Ынтымақ» этносаралық мәдени бiрлестiгiнiң мүшелерi Ұлт жоспарының «Бiртектiлiк және бiрлiк» атты төртiншi бағытын жүзеге асыру мен халыққа жеткiзудi басты мақсаты санайды. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамашылдығы, батылдығы, сарабдал саясаткерлiгi және елдi ұйыстырар қайраткерлiгi мен бiлiктiлiгiнiң арқасында бүгiнгi әлем таныған 50 мемлекеттiң төрiнен орын алып, ендiгi жерде дамыған 30 елдiң қатарына енуге әрекет үстiндемiз. Мемлекет бiзге бейбiт өмiр сүруге, бiлiм алып, қалаған мамандығымызбен жұмыс iстеуге барлық мүмкiндiктi жасап отыр. Яғни елiмiздiң алға қойған мақсаттарына жетуiне өз үлесiн қосу – әрбiр қазақстандықтың парызы їәм мiндетi.

«Бiртектiлiк және бiрегейлiк» бағытындағы «Мәңгiлiк ел» патриоттық актiсi, «Үлкен ел – үлкен отбасы», «Менiң елiм» ұлттық жобасы, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму, «Нұрлы болашақ» басымдықтарының қай-қайсысын алсақ та, бұлардың әрқайсысы бiздi биiк мақсаттарға жеткiзетiн нақты қадамдар. Мәселен, «Мәңгiлiк Ел» жалпыұлттық идеясы – айрықша маңызға ие. Ол – отандық тарихты бiлу, болашағы бiртұтас ұлт қалыптастыру негiздерiнiң бiрi їәм бiрегейi. «Мәңгiлiк Ел» ұстанымы әрбiр қазақстандықтың болашаққа деген сенiмiн арттырып, осы жолда өзi үшiн, ұрпағы үшiн аянбай еңбек етуге бастайды.

Ал, «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын әзiрлеу және жүзеге асыру мiндетi қазақстандықтардың бiртектiлiгiн нығайта түсiп, азаматтық қоғамның тұтастығын қалыптастыру үшiн жағдай туғызатыны сөзсiз. Елiмiздiң болашағы, дамуы, өркендеуi отбасының берекесi, бiрлiгiне тiкелей байланысты.

«Менiң елiм» ұлттық жобасы мен «Қазақстан энциклопедиясы» кең көлемдi интернет порталы әрбiр азаматқа және шетелдiк туриске қазақ елi мен жерi туралы мол мағлұмат беруге жол ашуды көздеп отыр. Сан ғасырлардан сыр шерткен қазақ тарихы ешкiмдi де бей-жай қалдырмасы анық. Өткенiн ұмытпаған, тарихына терең бойлайтын елдiң болашағы да айқын болары сөзсiз.

«Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты – iс жүзiнде экономиканы тұрақты дамытудың алдағы бесжылдыққа арналған мемлекеттiк iс-шарасы. Онда басқасын айтпағанда Қазақстанның барлық өңiрлерiн Елордамен байланыстыратын магистральдармен қамтамасыз ету көзделген. Бұл елдiң экономикалық ахуалын реттеу арқылы халықтың әл-ауқатын көтеруге бастайтын бiрден-бiр қадам.

Елбасы бастамасымен қолға алынған 5 институттық реформаны жүзеге асыру бағытында жұмыс жүргiзуге қоғамдық ұйымдар, оның iшiнде «Ынтымақ» этносаралық мәдени бiрлестiгiнiң мүшелерi белсендi түрде атсалысатын болады. Олардың қатарында қарашай, лезгин, осетин, балкар, мордва және марий сынды аз ұлт өкiлдерi де бар. Бiр шаңырақта бас қосқан түрлi ұлт өкiлдерi қиын-қыстау заманда жерұйыққа айналған Қазақ Елi үшiн, Мәңгiлiк Ел үшiн, ортақ Отан үшiн аянып қалмақ емес.

Гаухар ТӨЛЕПОВА, «Ынтымақ» этносаралық мәдени бiрлестiгiнiң төрайымы.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2169
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2571
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2450
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672