Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3587 0 пікір 20 Тамыз, 2015 сағат 15:10

МӘСІМОВ: ҚИЫН КҮНДЕР ӘЛІ АЛДА

Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте баспасөз өкілдерімен жүздескен Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қиын күндер әлі алда дей келіп, Ұлттық қорға қол сұғуға болмайтындығын қадап айтты.

“Ұлттық қорға қатысты айтар болсақ, бұдан да қиын кезең тууы мүмкін деп есептейміз, сондықтан Ұлттық қордан қосымша ресурстар алмаймыз. Ұлттық қор бізге әлі де керек болады”, — деді  ол. 

“Біз Ұлттық қордан бүгінгі таңда алынатын келісімдермен шектелеміз, бұл ағымдағы бюджет үшін 8 миллиард доллар көлеміндегі эквивалент, оған қоса “Нұрлы жол” бағдарламасы үшін 3 миллиард  доллар алынады. Бұл екі сома бұрын келісілген, сондықтан  оларды пайдаланатын боламыз. Басқа қосымша қаражат алынбайды”, —деп сөзін қортындылады премьер-министр.

Абай-ақпарат

0 пікір