Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4204 0 пікір 21 Тамыз, 2015 сағат 13:31

ҚАЗАҚСТАНДА ИМПОРТТЫҚ ӨНІМДЕР 40%-ҒА ҚЫМБАТТАЙДЫ

«Импорттық азық-түлік өнімдерінің бағасы 40%-ға, ал отандық өнімдердікі 20-30%-ға қымбаттайды. Киім бағалары оның брендіне қарай өседі», – деп болжады «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқарма төрағасы Талғат Қамаров. Бұл турлы nur.kz жазды.

Қаржыгер әлеуметтік маңызды тауарлардың, оның ішінде азық-түліктің (тұз, ұн, жұмыртқа, қант, май және ет) бағаларын бекітілген межеден асырмау үшін азық-түлік қоры мен жергілікті атқарушы органдардың күші жұмылдырылатынын айтуда.

Оның сөзіне сенсек, қызмет үшін бағалар да 20-30%-ға өседі. Киімге баға брендіне байланысты өзгереді: Қырғызстанмен шекарадағы кеденнің алынуына орай олардан келетін киімдер өз бағасын сақтап қалады немесе 10 пайызға қымбаттайды. Брендтік импорт болса, 40%-ға жоғарылайды.

Маманның айтуынша, құбылмалы валюта бағамына көшу Қазақстан экономикасы үшін маңызды, әрі стратегиялық тұрғыдан дұрыс қадам.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1320
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1181
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 923
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1036