Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4090 0 пікір 21 Тамыз, 2015 сағат 14:03

ЕСІМОВТІҢ ЭКС-ОРЫНБАСАРЫ ЭКСПО-2017-ГЕ ДЕ ОРЫНБАСАР БОЛДЫ

Ұлттық компанияның ресми сайтында Шормановтың "Астана ЭКСПО - 2017" төрағасының орынбасары болып тамызда тағайындалғаны хабарланып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Ербол Шорманов Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары қызметінен 17 тамызда кеткен болатын. Алайда оның жаңа қызметі туралы мәлімет болмаған еді. Ербол Шорманов 1968 жылдың 20 тамызында Алматыда дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын 1991 жылы бітірген.

Ол 2009 жылдың 25 ақпанынан бері Алматы әкімінің орынбасары қызметінде болып келген. Бұл қызметте ол қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, көріктендіру, абаттандыру, табиғатты пайдалану және экология, энергетика, өндіріс, сауда, шағын кәсіпкерлік, санитарлық-эпидемиологиялық мәселелеріне жауапты болды.

Үйленген (әйелі - Фишман Оксана Леонидовна), баласы бар (Шорман Арсен, 2007 жылы дүниеге келген).

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1275
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1166
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 905
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1032