Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3091 0 пікір 22 Тамыз, 2015 сағат 02:00

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫН ОҚО КӘСІПОДАҚТАРЫ АТАП ӨТТІ

 

 

ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай ОҚО кәсiподақтар орталығының мәжiлiс залында «Конституция – азаматтардың бостандығы мен құқықтарының кепiлi» атты «Дөңгелек үстел» мәжiлiсi өттi. Жиынға әлеуметтiк әрiптестер мен мемлекеттiк органдардың, салалық кәсiподақ бiрлестiктерiнiң басшылары қатысты. Мәжiлiстi облыстық кәсiподақтар орталығының төрағасы Досыбай Шерiмқұлов жүргiзiп отырды.

– Республикада өңiрлер арасында кәсiподақ мүшесi жағынан ең iрi ұйым бiздiң облыста. Соңғы жылдары оның әлеуметтiк әрiптестiк деңгейi кеңейiп келе жатыр. Осыған орай облыстық кәсiподақтар орталығы облыстық прокуратурамен 2015–2017 жылдарға арналған меморандумға қол қойып, азаматтардың еңбегiн қорғау жөнiндегi конституциялық құқықтарын қорғау, жалақы бойынша қарызды болдырмау мақсатын қоюда. Осылайша мекемемiз Ата заңның талаптарына сай еңбеккерлердiң құқығын қорғауды жүйелi түрде қолға алып келедi, – дедi ОҚО кәсiподақтар орталығының төрағасы Досыбай Шерiмқұлов.

ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай өңiрде қандай iстер атқарылды? Мемлекет пен ұлттың саяси және экономикалық өмiрiнде Конституцияның көрiнiсi қалай? Жиында мiне, осындай сұрақтарға жауап iзделдi.

Басқосуда ОҚО прокурорының орынбасары Ә.Қожахметов, ОҚО Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары, мемлекеттiк еңбек инспекторы Қ.Төлебаев, ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары С.Полатов баяндама жасады.

АБАЙ-АҚПАРАТ

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1263
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1157
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 897
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1030