Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3315 0 пікір 22 Тамыз, 2015 сағат 02:00

АСТЫҚ АЛҚАБЫНЫҢ 38,5 ПАЙЫЗЫ ЖИНАЛДЫ

Қостанайда астық алқабының 38,5 пайызы жиналды

 Биыл облыста 4 миллион 18 мың гектар жерге егін егілген болатын. Қазір 1 миллион 622 мың гектар жердің егіні орылып, 1,548 мың гектардың астығы бастырылды. Бұл барлық алқаптың 38,5 пайызы болып табылады.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қостанай облысының диқандары астық жинау науқанына тамыздың аяқ кезінен кіріскен болатын.  Бүгінде негізінен аймақтың оңтүстік аудандарында астық жиналып жатыр. Гектар түсімі 9 центнерден айналуда. Ал топырағы құнарлы солтүстік аудандарда орақ қарқын алып кете алмай отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Сәлімжан Есенаманов: «Көктемде тынбай жауған жаңбырдан солтүстік аудандарда  егін кеш егілген болатын. Қазір бір жағынан егіннің пісуі жетпей жатыр, екіншіден қыркүйектің күні қабағын жазбай тұр. Солтүстік жағында жаңбыр жиі себелеп қояды», деді. Облыста майлы дақылдар да қатар жиналып жатыр. Бүгінге дейін 38 мың гектар майлы дақылдар жиналды. 23 мың тонна дақыл бастырылды, бұл барлық көлемнің 7 пайызы. Гектар айналымы әзірге 6,5 центнерден келуде. Майлы дақылдардың арасында күнбағыс кешірек жиналады, диқандар негізгі түсімді осы дақылдың береріне сенімді.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1333
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1186
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 929
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1041