Сенбі, 4 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 41065. Жазылғандар — 13614. Қайтыс болғандар — 188
Жаңалықтар 3020 0 пікір 25 Тамыз, 2015 сағат 12:58

Сапарбаев: Қазақ қыздарының төбелескенін қашан көрiп едiк?!

Бүгiн Астанада өтiп жатқан  бiлiм беру жүйесi қызметкерлерiнiң республикалық тамыз конференциясында сөз алған Премьер-Министрдiң орынбасары Бердiбек Сапарбаев «қазiр бала тәрбиесiне бiлек сыбана кiрiспесек, ертең елдiгiмiзден айырыламыз»,- деп батыра айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. 

"Баланың дамуына мүмкiндiк берiп, қызықты үйiрмелерiне бару үшiн қосымша бiлiм беру  бағдарламасын дамыту керек. Қазiр елiмiзде қосымша бiлiм беру жүйесiне оқушылардың 25 пайызы ғана тартылған. Кейбiр облыстарда, мысалы Алматы облысында оқушылардың 10 пайызы, Оңтүстiк Қазақстан облысында оқушылардың 14 пайызы, Атырау облысында оқушылардың 16 пайызы ғана қосымша бiлiм, тәрбие беру жүйесiне тартылған. Сосын келiп, суицид, зорлық-зомбылық болды деймiз... Егер балаларымызды сабақ бiткеннен кейiн қосымша тәрбие, бiлiм беруге тартпасақ, бұл жалғаса бередi. Егер баланың басқа тиiмсiз iстермен айналысуына уақыты қалмаса, осындай жағдайлар болмайтын едi. Қазақ қыздарының төбелескенiн, қазақ қыздарының асылып өлiп жатқанын қашан көрiп едiк?! Бұл - соңғы уақытта тәрбиенiң нашарлап кеткенiн көрсетедi. Әрине, баланың тәрбиесiне ең бiрiншiден жауапты кiсi - ата-анасы мен отбасы. Бiрақ, бала тәрбиесiне көңiл бөлетiн мемлекеттiк ұйымдар бар және сол үшiн мемлекеттен ақша алып отыр. Менiң ойымша, бұл бағытта бiзде бiрiккен жұмыс жоқ. Егер осындай мәселе бойынша iшкi iстер органдарынан басқа, бiлiм беретiн ұйымдар, қоғамдық ұйымдар бiрге жұмыс iстесе, жағдай өзгерiп, жаңағы қайғылы жағдайлар болмайтын едi. Сiздерге айтарым, бiздiң "Мәңгiлiк ел" болуымыз, болашағымыз  - тәрбие мен ұлттық дәстүрiмiзге байланысты. Егер бұлардан айырылып қалсақ, ел болмаймыз",-дедi Б.Сапарбаев.

Абай-ақпарат

0 пікір