Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4734 0 пікір 25 Тамыз, 2015 сағат 14:24

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙДЕ ХАНДЫҚ ТОЙЫНА КӨРМЕ ӨТЕДІ

2015 жылғы 26 тамызда сағат 14.30-да Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сынды биылғы жылдың атаулы даталары аясында «Конституция – қазақстандық қоғамның негізі» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылады және қазақ құқығының тарихына қатысты көрме ашылады.

Шара шеңберінде Қазақстан Республикасында конституционализмнің қалыптасуы мен дамуы мәселелері талқыланады.

Дөңгелек үстел отырысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ғалымдар, белгілі құқықтанушылар, заңгерлер, қоғам қайраткерлері сонымен қатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Басқосу барысында 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясына 1998, 2007, 2011 жылдары енгізілген өзгерістерге ерекше назар аударылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 20 жыл ішінде жаңа Қазақстанның толайым табыстарының сенімді кепіліне айналды.Ұтымды құқықтық жүйенің арқасында біз экономикалық өсім мен қоғамдық игілікке қол жеткіздік, тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз еттік.

Заңның өзекті қағидаларының негізінде елімізде маңызды өзгерістер жүзеге асырылды: бүгінде біз экономикалық және саяси тұрақтылығымен, оны мекендейтін халықтардың арасындағы келісімімен және олардың біртұтастығымен, жаңа биіктер мен табыстарға деген ұмтылысымызбен ерекшеленеміз.

Конституция республика Президенті кепіл болып табылатын адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, нарықтық экономика, демократиялық дәстүрлер мен құқықтық мемлекет принциптерін, парламентаризм мен конституциялық бақылауды, билік тармақтарының бөлінуі мен келісілген функцияларын жақтайтын қазіргі Қазақстанның келбетін айқындайтын негізгі құндылықтардың жүйелі заңдық көрінісіне айналды. Сондай-ақ Конституция ұлттық құқық жүйесін дамытудың құқықтық қайнары болумен қатар, қоғамдық қатынастарға тікелей ықпал етіп, мемлекетке, қоғамға және әрбір азаматқа қызмет етуді жалғастырып келеді.

 

 

 

Қазақстандағы конституционализм тарихының тамыры ғасырлар қойнауына кетеді және ол 1465 жылы құрылған Қазақ хандығымен тығыз байланысты.

Қазақ құқығының тарихына қатысты көрмеден«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті Жарғы» деген заңдар топтамаларынан бастау алған қазақ құқығының негізгі кезеңдерін көруге болады.

Қазақстанның қазіргі конституциялық заңының алғашқы ережелері 1917 жылы 13 шілдеде І Жалпы қазақ съезінде жарияланған Алаш автономиясының ІІ съезінің Қаулысымен тұжырымдалған (1917 ж. желтоқсан).

Көрмеге келген адам Қазақ АКСР-ның 1926 жылғы Конституциясының, Қазақ КСР-ның 1937 және 1978 жылғы Конституцияларының және Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылғы Конституцияларының негізгі ережелерімен танысумүмкіндігіне ие болады.

Экспозицияға хандық биліктің нышандарымен бірге 1937, 1978, 1993, 1995 жылдардағы Конституциялар және өзге де қызықты экспонаттар қойылады.

 

Дөңгелек үстелдің басталуы: сағат 14.30.

Көрменің ашылуы: сағат 16.00.

 

Абай-ақпарат

0 пікір