Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Даңғыл 3742 0 пікір 3 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

ОБЛЫС ӘКІМІ ПОЛЬША БИЗНЕСМЕНДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Оңтүстiк Қазақстан облысы Польша бизнесi үшiн Орталық Азия өңiрiндегi базалық алаңға айналуы мүмкiн, - деп хабарлайды ОҚО-ның баспасөз қызметі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және өкiлеттi Елшiсi Ерiк Үтембаевпен және құрамында Польша бизнесiнiң iрi өкiлдерi, ғалымдар бар делегация мүшелерiмен кездесу барысында ОҚО әкiмi Бейбiт Атамқұлов мәлiмдедi.

«Польша бизнесiнiң Орталық Азия өңiрiндегi базалық алаңына айналу үшiн Оңтүстiк Қазақстан облысының барлық мүмкiндiктерi бар. Бiздiң өңiрде агроорталық құру жөнiндегi идея облысты iрi көтерме сауда орталығына айналдырып, делдалсыз қызмет ұсынуға мүмкiндiк бередi. Демек, баға жергiлiктi тұрғындар үшiн қолжетiмдi болмақ» деп атап өттi өңiр басшысы.

Екiжақты кездесу барысында облыс әкiмi польшалық меймандарға өңiрдiң инвестициялық мүмкiндiктерiн таныстырды. Сондай-ақ, тараптар ОҚО аумағында бiрлесе жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды талқылады. Атап айтқанда, польшалық делегаттар карго-терминалы бар халықаралық әуежай құрылысын жүргiзуге, заманауи көлiк-логистикалық орталығын ұйымдастыруға, жылыжай шаруашылығы мен еттi бағыттағы құс шаруашылығын салуға және жасанды қар шығаратын өндiрiс орнын құруға қызығушылық танытып отыр. Бұл жобалар мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды өз деңгейiнде атқаруға елеулi үлес қоспақ.

«Климаты барынша жұмсақ Оңтүстiк Қазақстан облысы –жылына 300 шуақты, жылы күн болатын өңiрлердiң бiрi. Сондықтан экологиялық таза күн энергиясын жылыжай кешендерiнде қолдану негiзгi мiндет. Елiмiздегi барлық жылыжай шаруашылықтарының 80 пайызы ОҚО-да шоғырланған. Табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану өңiрдiң дамуын тағы бiр белеске көтеретiнi анық» деп атап өттi ОҚО әкiмi Б.Атамқұлов.

Кездесу қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастық жөнiндегi меморандумға қол қойды.

Жалпы алғанда ОҚО аумағында Индустрияландыру картасы аясында құны 868 миллиард теңгенi құрайтын 115 жоба iске асырылуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар