Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2478 0 пікір 21 Мамыр, 2010 сағат 13:19

ҚКБ Т275 млн соманың алаяқтық әрекетіне жол бермеді

Алматы. 21 мамыр. ҚазТАГ - «Қазкоммерцбанк» АҚ (ҚКБ) қызметкерлері Алматы және Алматы облысының еш жерде жұмыс істемейтін тұрғындарының Т275 млн соманың алаяқтық әрекетіне жол бермеді. Жұма күні ҚКБ баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты.

«ҚКБ қазақстандық компанияның есепшоттарынан құнды қағаздар нарығының ірі қатысушыларының бірі арқылы Т275 млн соманы қолма-қол ақшаға айналдыру әрекетінің алдын алды», - делінген таратылған ақпаратта.

Хабарланып отырғандай, алаяқтар операцияны 18-19 мамырда жүзеге асыруға тырысқан, бірақ бұл ойлары іске аспады. Ал 20 мамырда олар банктің қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің және Алматы ІІД өкілдерінің күштерімен қолға түсті.

«Алматы ІІД осы факті бойынша қылмыстық іс қозғады және ҚКБ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп қаржыны құнды қағаздар нарығының ірі қатысушысы арқылы заңсыз аудару әрекетіне қатысы бар адамдарды анықтап жатыр. Тергеудің алдын ала ақпаратына сәйкес, қаскүнемдер қаржыны рұқсатсыз есептен шығарып, қылмыстың ізін жасыру үшін қазақстандық компанияның IT-инфрақұрылымын бұзуға тырысқан», - делінген банк таратқан ақпаратта.

ҚКБ басқарушы директоры Бауыржан Куватовтың айтуынша, алаяқтар банктердегі қауіпсіздік қызметтерінің біліктілік деңгейін, банк қызметкерлерінің сақтығын бағаламайды.

«Банктің қауіпсіздігі дегеніміз бөлімшеге кіре берісте тұратын күзетшілер ғана емес. Бұл - ақпарат мониторингі және сараптау жүйесі, арнайы технологиялар мен оперативті жұмыс», - деген басқарушы директордың сөзін баспасөз қызметі келтіріп отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2115
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2527
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2226
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1629