Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2319 0 пікір 21 Мамыр, 2010 сағат 12:16

Интернет-конференция (Жалғасы)

Құрметті Нұртай аға! Менің алдымдағы кісілер де біраз мәселенің басын шалып, көкейде жүрген сұрақтар қойған екен. Ол сұрақтарға тоқтамай-ақ өзімді алаңдатып жүрген сұрақтарыма бірден көшейін.

1. ШҚО әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың шығыста ел басына күн туған кезеңде атқарған жұмысына қандай баға берер едіңіз? Менің ойымша мүмкін сіз келіспессіз, ол кісіні мына қиын қыстау заманда әкім болып тағайындалғанына мың алғыс ету керек сияқты. Сапарбаевқа ел рахмет айту керек.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Мәшбекұллы Сапарбаевтың атқарып жатқан жұмысын толық қолдаймын. Өйткені ол азамат облыстағы аудандарды, елді-мекендерді жиі аралап, халықпен тығыз байланыста. Облыстағы көптеген мәселелердің шешілуіне ат салысып, нақты шешімдер қабылдап, игі жұмыстар атқарып жатыр.

2. Әкімдердің сайлауы болу керек пе? Болмаса неге?

Құрметті Нұртай аға! Менің алдымдағы кісілер де біраз мәселенің басын шалып, көкейде жүрген сұрақтар қойған екен. Ол сұрақтарға тоқтамай-ақ өзімді алаңдатып жүрген сұрақтарыма бірден көшейін.

1. ШҚО әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың шығыста ел басына күн туған кезеңде атқарған жұмысына қандай баға берер едіңіз? Менің ойымша мүмкін сіз келіспессіз, ол кісіні мына қиын қыстау заманда әкім болып тағайындалғанына мың алғыс ету керек сияқты. Сапарбаевқа ел рахмет айту керек.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Мәшбекұллы Сапарбаевтың атқарып жатқан жұмысын толық қолдаймын. Өйткені ол азамат облыстағы аудандарды, елді-мекендерді жиі аралап, халықпен тығыз байланыста. Облыстағы көптеген мәселелердің шешілуіне ат салысып, нақты шешімдер қабылдап, игі жұмыстар атқарып жатыр.

2. Әкімдердің сайлауы болу керек пе? Болмаса неге?

Менің ойымша қазіргі уақытта әкімдерді сайлаудың қажеті жоқ. Оның өзіндік себептері бар. Атап айтқанда - жергілікті бюджеттердің өзін-өзі қаржыландыра алмауы, сайланатын әкімдердің басқару жүйесін білмеуі, мүдделі қаржылық топтардың әсері, елді-мекендердегі  халықтың пайыздық мөлшері.

3. Әкімдерді тағайындауда мәслихатпен келісудің қаншалықты қажеті бар? Себебі тағайындалатын әкім оларсыз да тағайындалады. Бұны сіз өтірік демократияның жалған көрінісі деп ойламайсыз ба? Сонымен қатар Заңда бола тұра әлі күнге дейін бір де бір мәслихат әкімдерге сенімсіздік білдірген емес. Ал барлық әкімдердің жұмысы жақсы деп айтуға ауыз бармайды. Мүмкін мәслихат Мәжіліске теңелетін шығар?..

Қолданыстағы заңға сәйкес әкімдерді тағайындау жергілікті мәслихаттардың келісімімен жүзеге асырылады. Заң бойынша мәслихаттарға тиісті өкілеттік берілген. Оны мәслихат депутаттары қолдана білуі керек.

4. Ауыл бітіп барады, Көке,  ауыл бітіп барады. (Мәдениет, білім, денсаулық, спорт саласы т.б.) Қатты ойланыңыз. Мүмкін бір екі мысал келтіріп, олай емес деуіңіз мүмкін. Көке, ауылға көп барыңы,з көп емес өте көп барыңыз.

Ауыл мәселесі туралы ойларымды осы инетрент-конференцияның барысында қойылған  бір сұраққа жауап бергенде айтқанмын. Ауылға мен көп барамын. Бара да беремін. Өйткені ауыл - қазақтың алтын бесігі.

5. Мемлекеттік қорымызда қомақты қаржымыз бар дейміз (Оны көзбен көріп, қолымен сіз де ұстаған жоқсыз). Сондай қаржы бола тұра неге біздің мемлекетте әлі күнге дейін таза су мәселесі шешілмеген?  Ел арықтан су ішіп отыр.  Сол суды  ауылдағы қазақ ішіп ауырады. Тілге сүйел шығатын болды. Таза судан да басқа проблемалар баршылық. Сол қаржының  игілігін көрмесе не пайдасы бар халыққа? Сол ақша менің ойымша жекеменшік ақша сияқты.

 

Мемлекетіміздің қомақты қаржысының арқасында еліміздегі көптеген қала-ауылдардың инфрақұрылымын қалыпқа келтіруге қаржы бөлінуде. Бұл жерде ең басты мәселе - жергілікті атқарушы орган тарапынан ауыз су, білім, спорт және денсаулық сақтау объектілерінің жобалық-сметалық құжаттарын, теникалық-экономикалық негіздемесін, сараптамасын уақытында жасап, тиісті құзырлы мемлекеттік органдарға ұсынуға байланысты. Сол арқылы, егер құжаттары толық дайын болса, бюджеттен қаржы да бөлінеді. Тағы бір мәселе, бөлінген қаржының мақсатына сай игерілуі мен мердігерлердің жұмысын қадағалап, оларды белгіленген мерзімде қабылдау. Осы мәселелерге жауапкершілікпен қараған жөн.

6. ҚР Конституциясының 3 бабының 1 тармағында Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық дегенге шын сенесіз бе?  Менің ойымша мемлекеттік билік баяғыда Сіз де білмейтін уақытта жекешеленіп кеткен сияқты.

Конституцияның 3-бабының 1 және 2-тармағына сәйкес, мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық. Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi. Сондықтан да мемлекеттік билік жекешеленіп кеткен жоқ.

7. Қазақ деген ұғым, асыл қасиеті мен тағдыры тек ауылда қалған сияқты.

Қазақ деген ұғым, оның асыл қасиеті мен тағдыры тек ауылда ғана қалды деп ойламаймын. Қазақстан біртұтас мемлекет болғандықтан қазақтың асыл қасиеті ешқашан өшпейді.

8. ОБСЕ-ге төрағалық етіп жатырмыз. Оған мүше елуден астам мемлекет біздің Төраға болуымызды қалады деп ұрандатудамыз. Ал неге осы БАҚ төрағалық ОБСЕ-ге төрағалық ету мемлекеттер арасында жыл сайын кезекпен ауысып отырады деп бір сөз жазбайды? Құдды бір басқа мемлекеттер Төрағалық етпейтіндей. Осы орайда өзіңіздің шалбарыңыз жыртық болса, қол басыңыз кір болса басқа біреуге ақыл айтуға арланбайсыз ба? Әңгіменің төркіні түсінікті шығар.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның биыл төрағалық етуі сыртқы саясатымыздағы қызметіміздің жемісі және осы ұйым мүшелерінің біздің елге деген үлкен сенімі. Бұл үлкен жауапкершілік және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің тағы бір үлкен белеске көтерілуі деп қабылдау қажет.

9. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың елге сіңірген еңбегі өте үлкен. Оны елеу керек. Адамның істеген еңбегі мараптталуы керек. Менің ойым егемендікті алу бір басқа оны аяғынан тұрғызу бр басқа. Сондықтан ол кісіге қазақ халқы да риза болу керек. Ал ұлт көшбасшысы деп халық айту қажет. Сіз қалай ойлайсыз?

Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға, оны дамытуға, елімізде тұрақтылықты, ұлтаралық қатынасты сақтауға, Қазақстанды әлемге танытуға, сыртта жүрген қазақтардың өз отанына оралуына, оларға жағдай жасалуына, қазақ жастарының әлемдік деңгейде білім алуына зор үлес қосты. Сондықтан да Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев біздің Елбасымыз. Тіпті, Елбасы деген сөз қоғамда күнделікті қолданылып жүрген ұғым. Ол ұғым қоғамда берік орныққандықтан, оған заңдық негіздеме бар.

 

10. Мемлекеттік тіл туралы айтарымыз да айқайымыз да көп.  Осы Мемлекеттік тілге қатысты мәселені  неге Президенттің өзімен кездескенде көтермейсіз? Мысалға Нұр Отан партиясының Бюро мәжілісінің кеше ғана өткен кезекті жиналысында. Толық құқыңыз бар ғой. Бюро мүшесісіз. Күн тәрбітінде ондай мәселе тұрған жоқ деуіңіз мүмкін. Менің ойымша қазағымның тіл мәселесі күн тәртібінен 24 сағатта түспеу керек.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде заң жүзінде бекітілген. Қазақ тілінің қолданылу аясының дамуы мен мәртебесінің асқақ болуына әрбір қазақ азаматы өз үлесін қосуға тиіс. Тілге деген құрмет, оны білу отбасынан басталады. Егер де әрбір қазақ отбасы мектепке баратын баласын қазақ мектебіне апарып, қазақша оқытса, қазақша сөйлесе бұл мәселе қоғамда болмайтын еді. Сондықтан да біз бұрынғы кеңестік менталитеттен арылып, намысымызды жоғары ұстап әрбір қазақ баласының, азаматының өз ана тілін білуіне жағдай жасап, қолдау көрсеткеніміз абзал. Менің тарапымнан тілге байланысты көптеген мәселелер көтеріліп келеді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметте, халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс атқарып отырған азаматтардың мемлекеттік тілде сөйлеуін, іс қағаздарын жүргізуін қамтамасыз етуіміз керек.


11. Мемлекетте тұрақтылық қазақ халқының құқының шектелуі негізінде іске асып жатыр дегенге қалай қарайсыз
?

Жоқ, олай деп ойламаймын. Тұрақтылық - баршаға ортақ құндылық, мемлекеттің дамуының кепілі.


12. Депутаттарды «Халық қалаулысы» емес,  «Халық қызметшісі» немесе  «Халық құлы» деп атаса қалай болады?

Халық қызметшісі дегенге толық келісемін

Туған жерге туың тік дейді қазақ. Нұртай Салихұлы,  сіз туған ауылыңызға қандай көмек, қандай жақсылықтар жасадыңыз?

Менің туған жерім - Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы,  Шыңқожа ауылы. Тоғыз жолдың торабында орналасқан осы ауылда менің балалық шағым өтті, мектеп бітіріп, еңбек жолымды бастадым. Сондықтан да туған жерге деген ыстық ықыласым, сүйіспеншілігім шексіз. Бұндай сезім кез келген адамға тән екеніне күмәнім жоқ. Балалық шағымда іс-шаралар өтетін ауылымдағы Мәдениет үйі талан таражға түсіп, қирап қалған еді. Сол Мәдениет үйін 2003 жылы қазіргі талапқа сай өз қаражатыма қайта салып, іске қостым. Оның ішінде кітапхана да ашып, оны кітаптармен қамтамасыз еттім, оның қорына жаңа кітаптар жіберіп тұрамын. 20 адамға арналған ұлттық музыкалық аспаптарды арнайы тапсырыспен жасатып бердім. Ауыл халқына жаңадан салынған мәдениет үйі болып қызмет көрсете бастады. Бұл Мәдениет үйінде елімізге танымал көптеген өнер, қоғам қайраткерлері, жазушылар, ақындар, әншілер, спортшылар халықпен жүздесіп, өз өнерлерін, ой-пікірлерін ортаға салды. Ауылдық Мәдениет үйлері арасындағы республикалық байқауда ең үздік Мәдениет үйі атағын алды. Бес жылдай бүкіл қызмет көрсету шығынын өз мойныма алып, төлеп тұрдым. Ал, 2008 жылы осы Мәдениет үйін мемлекет қарамағына тегін өткізіп бердім. Туған ауылымдағы мектепке де материалдық демеушілік қолдау көрсетіп келемін. Сонымен қатар, туған ауылымдағы ауыз су мәселесінің шешілуіне де өз тарапымнан қолдауымды көрсетіп, соған орай 2008 жылы ауылдағы су құбыры бюджет қаражатынан толық қайтадан жаңартылып, іске қосылды.      

Сіз еңбектен қашпау керек, барлық мүмкіндік білім мен еңбекте дейсіз. Мектеп бітіре салысымен комсомол жастар бригадасында қой бағыпсыз, поезда проводник, тіпті құрылысшы да болыпсыз. Сол туралы айтсаңыз?

Ауылдағы қазақ орта мектебін бітіріп, аттестат алғананан кейін сол кездегі коммунистік партияның жолдамасымен 1 шілде 1979 жылы «Орбита» комсомол жастар шопандар бригадасында еңбек жолымды бастадым. 1 жылдан артық өзіммен бірге оқыған құрдастарыммен жұмыс істедік. Ол да бір қиын да, қызықты шақ болды. Одан кейін Кеңес Армиясы қатарында 2 жыл әскери борышымды өтеп, ауылға келгеннен кейін 1 жылдай құрылыста істедім. Ал, Алматы халық шаруашылығы институтының студенті болып, бірінші және екінші курстарды бітірген кезде жазғы демалыс күндерінде студенттік құрылыс отрядында жұмыс атқардық. Үшінші және төртінші курстарды бітіргенде жазғы демалыс күндері Алматы-Мәскеу, Алматы-Саратов, Алматы-Ленинград бағытындағы поездарда жол серік (проводник) болып, жолаушыларға қызмет жасаған кезім де болды. Осы атқарған жұмыстар маған үлкен тәжірибе берді.

Биылғы қыстың қақаған аязында Күршім ауданының 13 ауылында болып, кездесулер өткіздіңіз. Сондағы Құйған ауылындағы ауыз су мәселесі қалай шешімін табуда?

Расында да Құйған ауылында халықпен кездесу өткізген кезде көтерілген ең өзекті мәселенің бірі - ауылдағы ауыз су еді. Бұл мәселеге байланысты менің тарапымнан тиісті министрліктер мен атқарушы органдарға сауалдар жолданды. Биылғы 2010 жылы Күршім ауданы Құйған ауылындағы су құбыры желісін жаңартуға республикалық бюджеттен 140,5 млн. теңге бөлінді.

Нұртай Салихұлы, көктемде сіз ШҚО-ғы Тарбағатай ауылын су басқан кезде алғашқылардың бірі болып сол жерге барып, халықтың жағдайымен танысып азаматтық таныттыңыз. Қазірде мемлекет көмектесіп жатыр. Алайда осы елді-мекенге көмек көрсетеміз деген желеумен әр жерден бірнеше қорлар ашылды. Олардың нақты немен айналысатындары да белгісіз. Солардың басын біріктіріп, бір ғана қор құруға болмады ма?

Биылғы көктем айларында Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз, Зайсан, Күршім, Ұлан, Тарбағатай аудандарының елді-мекендерін су алып кетудің салдарынан тұрғындардың үй жайлары, мектеп ғимараттары, автожол бойындағы көпірлер қирап, мал басының шығыны болды . 2010 жылғы 3-4 сәуір күндері мен Мәжілістің бірнеше депутаттарымен бірге (Е.Апсалямов, А.Милютин, С.Ферхо) Тарбатағай ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен Жәнтікей, Көкжыра және аудан орталығы Ақсуат ауылдарында болып, халықтың, ауылдардың жағдайымен таныстық. Ауыл тұрғындарының ұсыныс-тілектерін тыңдадық. Оның алдында, 31 наурыз 2010 жылы бір топ депутат Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдадық. Онда су тасқынынан зардап шеккен адамдарға, елді-мекендерге көмектің нақты қандай түрін көрсету қажеттілігін тізбелеп жазып, жібердік. Қазіргі таңда тұрғындарға көмек көрсету, тұрғын үйлерін қайта салу үшін Үкімет тарапынан 2863,9 млн. теңге бөлінгені белгілі, мектеп оқушыларының бірыңғай ұлттық тест тапсыру мәселесі 19-26 шілде күндері өткізілетін болды. «Қазагро» АҚ арқылы 350 млн. теңге жеңілдетілген несие мал алуға бөлініп отыр. Қызылкесік ауылындағы көпірді салуға бюджеттен қажетті қаражат бөлінді. Студенттердің ақылы оқу мәселесі де шешімін тауып отыр. Облыстық бюджеттен тұрғын үйлерді, басқа да объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу үшін 1 млр. 47 млн. теңге қарастырылды. Мемлекеттік материалдық резервтен 366 млн. теңгеге зардап шеккен азаматтарға азық-түлік, киім, тауарлар, жанар-жағар май және т.б. бөлінді. Бұлардың барлығы депутаттық сауалға келген жауапта көрсетілген.

Ал, су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындарына көмек көрсету мақсатында бірнеше қорлар ашылып, жанашыр азаматтар, мекемелер мен ұйымдар көмек көрсетіп жатыр. Өз тарапымнан мен де зардап шеккен азаматтарға демеушілік көмек ретінде мал алуға 1 млн. теңге бөлдім. Ол он отбасына тамыз айында тапсырылады. Енді осы құрылған қорлар халық алдында, қоғам алдында өздерінің атқарған жұмыстарына байланысты есеп беріп тұрса тіпті жақсы игі іс болар еді. Болашақта қор құрып халыққа жанашырлық танытып жүрген азаматтар бірігіп, бірлесіп жұмыс істейді деп ойлаймын.

 

Шығыстағы Омбы-Майқапшағай тас жолының, Семей қаласы мен /Георгиевка/ қазіргі Қалбатау арасындағы жолдың тозығы әбден жетті. Сіз сол мәселені парламентте көтерген болатынсыз. Бұл мәселе ендігі шешімін қалай табуда?

«Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар жолдың Семей-Қалбатау жол учаскесін қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге байланысты Көлік және коммуникация министрлігіне 2008-2009 жылдары 2 депутаттық сауал жолдадым. Семей-Қалбатау арасындағы ұзақтығы 78 шақырым жол учаскесін қайта жаңарту жұмыстарына 2010 жылғы республикалық бюджеттен 1,8 млрд. теңге бөлу қарастырылып отыр. Жалпы құны 11 млрд. теңгені құрайтын жобаны іске асыру 2010-2012 жылдар аралығында көзделген.

Мақаншыдағы мәдениет үйінің құрылысы созбалаңға түсіп кетті ғой. Оған не себеп болды?Және қашан бітеді екен?

2009 жылғы тамыз айында Үржар ауданы Мақаншы ауылында тұрғындармен кездесу өткізгенде  ауылдағы Мәдениет үйіне байланысты мәселе де көтерілген. Бұл Мәдениет үйін жөндеуге аудандық бюджеттен 60 млн. теңге қаражат қарастырылған екен. Мәдениет үйін жөндеп жатқан мердігерлер мен атқарушы орган өкілдері келісе отырып, осы объектіні қазіргі талапқа сай қайта іске қосу қажет.

«Жас Алаш»  Ертісбаевтың  саяси болжамы сияқты бүй дедi: «Осыдан кейiн мемлекет басшысы мерзiмiнен бұрын билiктен кетуi ғажап емес. Бұл биыл болуы да  мүмкiн».  Сіздің болжамыңыз қалай? Солай болып жатса,  елбасына лайық  деп кімді айтар едіңіз?

2005 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевты халық 7 жылдық мерзімге сайлады. Болашақта қалай болатынын уақыт көрсетер. Менің ойымша халық Президенттің жүргізіп отырған саясатын толық қолдайды.

Қыстың қақаған аязында Семейге келіп, білім ордаларында кездесу өткіздіңіз. Пединституттың 2 студентіне стипендия тағайындап, екі мектептен жиыны 10 мұғалім мен 10 оқушыны өз есебіңізден арман қала Астананы көруге шақырдыңыз. Сол уәдеңізді қашан орындамақ ойдасыз?

Семей мемлекеттік педагогикалық институтында кездесу өткізгенде берген уәдеме байланысты осы институттың екі студентіне 1 ақпаннан бастап әр қайсысына 15 000 теңгеден стипендия тағайындап, ол туралы институт ректорына хат жібердім. Стипендия толық төленіп отыр. Ал, Семей қаласының 2 мектебінің 10 мұғалімі мен 10 оқушысын Астана қаласын көруге шақырған уәдеме және мұғалімдерінің өтініштеріне байланысты бұл іс-шара жазғы каникул кезінде толық жүзеге асырылады.

(Соңы)

P.S. Abai.kz ақпараттық порталының Интернет-коференциясында  оқырман қауымның сауалдарына жауап берген Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов мырза ел ішінің  жекелеген сауалдары мен өтініштері, ұсыныстары мен ой-пікірлері болса, төмендегі мекен-жайға хат жазып хабарласуларына  болатынын айтады.

010000, Астана қаласы, Парламент үйі. Мәжіліс депутаты Н.Сабильяновқа.

Элпошта: Сабильянов Нуртай <sabilianov@parlam.kz>

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2390
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661