Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2427 0 пікір 21 Мамыр, 2010 сағат 04:35

Әсел Назаралы. Батыстағы қырылған киіктер саны 1200-ге жетті.

Батыстағы киіктердің қырылуы жөніндегі мәлімет бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінде (АШМ) арнайы жедел комиссия құрылған болатын. Комиссияның шұғыл ақпаратына сүйенсек,  тексерудің алғашқы күні Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының аумағында өлген киіктердің саны 1200-ге жеткен көрінеді(Борсы ауылының маңында өлген киіктердің дені негізінен аналықтар). Сондай-ақ осы өңірлерде ірі қара төлінің өлім-жітімге ұшырауы байқалады. Өлген малдардың қарыны қампиып, ауызынан жасыл түсті көбік ағып, іші өткені байқалады. Киіктердің ұшалары мен ішек-қарны тексеруге ветеринариялық зертханаға жіберілді. Комиссияның жұмысы одан әрі жалғасуда.

Бұдан бұрын үстіміздегі жылғы 15-17 мамырда осы жерде инспекторлар бұл ауданда ауа райы ашық және бұлтсыз болғанымен шығу тегі белгісіз сұр тұманды байқаған. Комиссия мүшелері әлі де осы мәселені зерттеу үстінде.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орын алған экологиялық оқиғаның ауқымын ескере отырып, киіктердің жаппай қырылу себептерін тексеру, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, министрліктердің қатысуымен және ғылыми институттар мен ТЖМ ұшақтарын тартып, зиянды есептеу және оқиға зардаптарын жою жөнінде үкімет комиссиясын құру қажет деп есептейді.

Осыған байланысты жануарлардың қырылуының жаппай сипат алып отырғанын ескеріп, киіктердің қырылу себептерін анықтауда және облыстың тиісті қызмет орындарын, арнаулы техника мен ұшақтар жұмылдырып, жануарлардың өлім-жітімге ұшырауына душар еткен фактілерді жоюда Қазақстан Республикасы АШМ аумақтық бөлімшелеріне көмек көрсетуді сұрап, үкімет комиссиясын құру қажеттігі туралы ҚР Премьер-Министрі
К. Мәсімовке арнайы ресми хат жолдады.

Ал, осы аймаққа жауапты «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің бас директоры Б.Ә. Отарбаевқа Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Е. Нысанбаев Жайық таралымы киіктерінің жаппай қырылу себептерін анықтау жөніндегі көмиссияның жұмысына қатысу үшін үстіміздегі жылғы 21 мамырда Батыс Қазақстан облысына ұшып шығуды тапсырды. Сондай-ақ өндірістік бірлестіктің бас директоры өлген жануарларды анықтау және кәдеге жарату мақсатында комиссияның басшылығымен киіктердің жәй-күйін тексеру үшін инспекторлардың қосымша тобы мен Ми-2 тікұшағын Батыс Қазақстан облысына жібермек.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2384
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661