Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 5125 0 пікір 7 Қыркүйек, 2015 сағат 09:59

ХАЛЫҚ - "ИМПОТЕНТ" БИЛІКТІҢ БӘЙБІШЕСІ

Қауқарсыздығын  мойындаған импотент билік тоқалын еркіндікке (долларды, бензинді еркін айналымға) жіберді... Тоқалы енді білгенін жасайды. Халық - билік деген белсіздің бірінші әйелі, некелі жары. Неге болса да шыдайды. Отыз жыл отасып келіп енді ажырасқанымыз ұят деп ойлайды. Ел не дейді, бала-шаға не болады? Әйтпесе бұдан әлдеқашан көңілі қалған. Қалтасы қалыңдағанда тайраңдап кеткен неменің санасыздығында шек болсашы. Бала-шағасы фейсбукта отырып алып шыр-шыр етеді. Обал-ай! Тойшыл неме тақ бір бақытты өмір сүріп жатқандай күні ертең алтын той жасаймын деп шыға келеді...

Бейбіт Сарыбай, facebook-тегі жеке парақшасынан

0 пікір