Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2857 0 пікір 20 Мамыр, 2010 сағат 16:20

Қазақстанға өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жою бойынша жаңа технологияларды тарту қажет, деп есептейді ТШО басшысы

Атырау. 20 мамыр. ҚазТАГ - Атырауда өтіп жатқан қалдықтарды басқару және жою қызметтерін жеткізушілердің форумы Қазақстанға өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жою саласындағы жаңа технологияларды тартуға тиіс. Бұл осы салада бірлескен жаңа кәсіпорындар құруға ынталандырады. «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) бас директоры Тодд Леви осындай пікір айтты.

«Қалдықтарды басқару саласындағы жаңа технологиялар біздің компанияларға және Қазақстан Республикасына өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін төмендетуге мүмкіндік береді. ТШО бұл форумды ұйымдастыра отырып, ол Қазақстанда қазіргі кезде және болашақта қалдықтарды басқару саласындағы шешімдерді табысты жүзеге асыратын қазақстандық және шетелдік жеткізушілердің қатысуымен жаңа компаниялар мен бірлескен кәсіпорындар құруға ықпал етеді деп үміттенеді», - деп мәлім етті ТШО бас директоры бейсенбі күні форумда сөз сөйлеген кезде.

Т.Левидің пікірінше, «Қазақстанға әлемдік деңгейдегі тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің келуі Қазақстанның және мұнай-газ саласының тұрақты дамуы үшін аса маңызды». «ТШО-ның бұл бағыттағы міндеттемелері біздің басымдықты міндет - елде корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы көшбасшылардың бірі болуға негізделген», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, ТШО «өзінің 17 жылдық қызметі барысында қазақстандық мазмұнды арттырып келеді. «Өткен жылы ТШО тауарлар мен қызметтер жеткізуші 600-ден аса қазақстандық компанияға $1,2 млрд көлемінде төлем жасады», - деді Т. Леви.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2380
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661