Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3247 0 пікір 20 Мамыр, 2010 сағат 16:08

Жетісуды ұйғырландырудың ғасырлық жобасы...

Ұйғыр ауданында Жетісу өңірін ұйғырландырудың ғасырлық жобасы іске асуда дегенді аңғартатын  хат біздің редакциямызға «өз аяғымен» жетіпті. Оқыдық. Ойландық. Хат авторы ашына баяндаған кейбір жайтты анықтай түсу қажеттігіне де ұжымымызбен кеңес құра мән бердік. Бірақ, хатты алдымен қаз-қалпында жариялағанды жөн деп таптық. Рас, автор көтеріп отырған мәселені нақтылай түскен абзал. Алайда, жалғыз abai.kz ақпараттық порталы ғана емес. Құқықтық жайттарды бақылау орындары бар, жергілікті билік бар, ел іргесінің бүтіндігі мен тыныштығына жауапты тағы басқа құзырлы орындар бар. Бәріміз бірігіп зерттеуіміз керек. Талтүсте тарпа бас салып қазақты ғана жалғыз жауапты, ерен кінәлі ете бергеннен ештеңе өнбейді. Еліміздің заңдары бір ұлтты ұлықтап, екіншісін құлақтап ұстау үшін жұмыс істеп отырған жоқ. Ендеше,  Алматы облысы, Ұйғыр ауданынан келген хатқа көз жүгіртіп көрелік.

«Абай-ақпарат».

 

Ұйғыр ауданындағы дәл қазіргі кездегі ұлтаралық қарым-қатынас тым ушығып тұр десек қателеспейміз. Соңғы кездері осында тұратын ұйғыр ұлтының өкілдері өздері басымдықта мекендейтін  ауылдарда байырғы тұрғындарға - қазақтарға күш көрсетіп, қоқан-лоқы жасайтындай жағдайға жеткен. Осы мамыр мерекелері күндері бірнеше ауылда өткен салтанатты жиындарда мемлекетіміздің Әнұраны орындалмаған.

Ұйғыр ауданында Жетісу өңірін ұйғырландырудың ғасырлық жобасы іске асуда дегенді аңғартатын  хат біздің редакциямызға «өз аяғымен» жетіпті. Оқыдық. Ойландық. Хат авторы ашына баяндаған кейбір жайтты анықтай түсу қажеттігіне де ұжымымызбен кеңес құра мән бердік. Бірақ, хатты алдымен қаз-қалпында жариялағанды жөн деп таптық. Рас, автор көтеріп отырған мәселені нақтылай түскен абзал. Алайда, жалғыз abai.kz ақпараттық порталы ғана емес. Құқықтық жайттарды бақылау орындары бар, жергілікті билік бар, ел іргесінің бүтіндігі мен тыныштығына жауапты тағы басқа құзырлы орындар бар. Бәріміз бірігіп зерттеуіміз керек. Талтүсте тарпа бас салып қазақты ғана жалғыз жауапты, ерен кінәлі ете бергеннен ештеңе өнбейді. Еліміздің заңдары бір ұлтты ұлықтап, екіншісін құлақтап ұстау үшін жұмыс істеп отырған жоқ. Ендеше,  Алматы облысы, Ұйғыр ауданынан келген хатқа көз жүгіртіп көрелік.

«Абай-ақпарат».

 

Ұйғыр ауданындағы дәл қазіргі кездегі ұлтаралық қарым-қатынас тым ушығып тұр десек қателеспейміз. Соңғы кездері осында тұратын ұйғыр ұлтының өкілдері өздері басымдықта мекендейтін  ауылдарда байырғы тұрғындарға - қазақтарға күш көрсетіп, қоқан-лоқы жасайтындай жағдайға жеткен. Осы мамыр мерекелері күндері бірнеше ауылда өткен салтанатты жиындарда мемлекетіміздің Әнұраны орындалмаған.

Қалжат ауылында жастар арасында ұрыс-керіс  туындап, сандарының көптігін пайдаланған (тұрғындардың 80 пайызы ұйғырлар) ұйғыр жастары қазақтарды көшеге тұрақтатпай, үйлеріне қуып тығып, таңға дейін сыртқа шығармаған. «Сендер де көшеге шығуға жарап қалдыңдар ма?» деп намысты шабақтайтын, қорлайтын сөздер айтқан.

Ал 26 сәуірде Тасқарасу ауылында осы ұлт жастарының үйлену тойы болып, той барысында  бір кездегі Шығыс Түркістан Республикасының туы мен қиялдағы Ұйғыр мемлекетінің картасы көтеріліп, әнұраны шырқалған. Осыған орай жергілікті жұртшылық тарапынан орынды наразылық туындайды.  Аудан ақсақалдары  ұлтаралық түсінбестіктің соңы қарама-қарсылықты қақтығысқа айналып кетпеуін ойластырып, аудан әкімінің қатысуымен Тасқарасу ауылында жиын өткізгенде, аудан басшысы Каюмжан Омаров осы түсінбестіктің түйінін тарқатуға тырысып, болашақта туындауы мүмкін жаппай жанжалдың алдын алуға ұмтылғандардың  өздерін кінәлап: «Түймедей нәрсені түйедей қыласыңдар да  жүресіңдер» деп сөгіпті.  Сонда мемлекеттік саяси қызметкер болып табылатын атағы дардай аудан басшысы  бұндай кикілжіңнің соңы ұлтаралық қақтығысқа апарып соғуы әбден мүмкін екендігін ескермегені ме? Ол өзінің осы сөзімен-ақ, қандастарының қолтығына су бүркіп отырғаны анық. Сондай-ақ, еліміздің басқа өңірлерінде басқа ұлттармен байырғы халық арасында ұлтаралық түсінбестіктер туындай қалғанда, мәселен, шешен, күрд және тағы басқа ұлттардың ұлттық-мәдени орталықтары дереу сол жерден табылып, екі жаққа да басу айтып, елдің тұтастығын  сақтауға ұмтылса, республикалық, облыстық ұйғыр ұлттық-мәдени орталықтары ауданда болып жатқан оқиғаларға мүлде араласпайды .

Бірақ ұйғыр ұлттық мәдени орталықтары шет елдерде қуғында жүрген Рабия Қадыр сынды адамдарының сол елдерде шығарылған, мазмұны біздің елдің тұтастығына қауіп төндіретін кітаптары мен тағы басқа әдебиеттерді тарқатуға, Білім министрлігінен қалай алатаны белгісіз болып отырған төсбелгілерді өз қандастарына топтап әкеліп тағуға келгенде алдарына жан салмайды.

Мұны айтасыз, өткен жылы республикалық құқық қорғау органдары әрекетін заңсыз деп тапқан, мәжбүрлеп болса да таратуға жатқызған «Фархат ата» сектасының  (ұйымының) Шонжыда әлі күнге дейін аяқтарын алшаң басып, өздерінің адам өмірі мен денсаулығына орны толмас нұсқан келтіретін уағыздарын емін-еркін насихаттауына  аудан әкімі мен аудан әкімдігі аппараты басшысының жасырын қолдау жасап, ықпал етіп  отырғанын ауданның байырғы тұрғындары жоққа шығармайды. Осыдан біраз бұрын ғана Қалжат ауылы мен осындағы кедендік шекараға апаратын күре жолдың бойында  ыстық су көздерін жаппай жайлап алғандар  (ұйғырлар) қатарына қосылған марқұм Фархат Абдуллаевтың екі ұлына аудан әкімі  демалыс-сауықтыру орындарын салу үшін аса аумақты жер телімдерін беріп жіберіпті. Күні ертең осы жерлер адам санасын улайтын, денсаулығын бұзатын сектаның жабық әрі жасырын өкілдіктеріне айналмасына кім кепілдік береді?

Ал сол ондаған заңсыз демалу-сауықтыру орындары орналасқан жерде қазақтардың бірде-бір меншік нысанының болмауы аудандағы халық санының  тең жартысын құрайтын қазақтардың құқын шектеу емес деп қалайша айта аламыз? Сонымен бірге аудандық деңгейдегі қаржылы қызметтердің барлығының басын  ұйғыр ағайындардың  жайлап алғанын да ашық айтуға болады.  Жалпы ауданда таза ұйғырлар ғана жұмыс істейтін мекемелер баршылық. Солардың бірі болып саналатын - «Қазпошта» АҚ аудандық филиалына осы мекемедегі нақты  мамандықтар бойынша жоғары оқу орнын бітіріп келген екі қазақ жасының жұмысқа орналаса алмай жүргеніне жылдан асыпты. Ондағы білермен басшы аудан әкімдігіндегілерді де, өзінің облыстағы басшысын да тыңдамайтын көрінеді.

Аудандағы сорақылықтардың қатарына Шонжы ауылындағы Раджибаев көшесінде орналасқан  аудандық әкімдік пен аудандық мәслихат ғимаратының кіре берісінің сыртқы қабырғасына сол Раджибаевтың бейнесі бедерленіп, астына: «Раджибаев Юнус Рахметович 06. 1944 - 05. 1951 ж. ж. Қазақстан Коммунистік партиясы Алматы облысы Ұйғыр аудандық партия комитетінің хатшысы» деп ойылып жазылған жазуы бар мәрмәр тастан жасалған үлкен тақтаның  ілініп тұруын да жатқызуға болады. Сырттан әкімдік деп келген кісінің көзі басқалардан бұрын бірден соған түседі де, ол өзін мемлекеттік мекемеге емес, Юнус Раджибаевтың кесенесіне немесе бұрындары тұрған үйіне  келдім екен деп сезінері сөзсіз. Сонымен бірге жоғарыда айтылған «Қазпошта» АҚ аудандық филиалының сыртқы есігінің жанына да тура осындай, бірақ шағындау әрі бейне бедерленбеген  : «1960 - 1980 Работал начальником Уйгурского районного узла связи, участник Великой Отечественной Войны Почетный Гражданин  района Сабитов Масут» деген тағы бір «қара тақта» ілініп тұр. Бұған кірген адам да: «мұндай тақталар елге еңбегі сіңген, марқұм болған жандардың үйлерінің қабырғасына немесе бейітінің басына ілінетін еді ғой» деп ойлары және оған жауап таппасы анық.

Шонжыдағы тағы бір көңілге кері әсер берер көрініс - орталықтағы саябақтың кіреберіс қақпасының жоғары жағына алыстан көзге шалынатын әріптермен жазылған: «Шамахун Абдурахманов атындағы паркі» деген сөз. Оның кезінде көпшілік күшімен салынған саябаққа не қатысы бар? Тіпті сол Раджибаев пен Сабитовтан, Абдурахмановтан басқалар аудандық комитетті, аудандық поштаны басқармап па, ауданды өркендетуге  еңбектері сіңбеп пе? Жергілікті тұрғындардың біразы ғана білетіндердің  есімдерін соншалықты  әспеттегендер,  аудандағылар ғана емес бүкіл қазақ халқы білетін Заманбек Батталханов, Сейдәлім Тәнекеев сынды тұлғаларды неге ардақтамайды?   Қазақ жерінің бір пұшпағы болып саналатын өңірде қазақтан бір ұл тумаған ба тақтаға жазуға жарар деген сауалдар көзі қарақты, қаны бар жандардың намысын шабақтары сөзсіз.

Аудандағы Кетпен тауының бауырындағы  ауылдарда ежелден қазақтар қоныстанған. Негізінен бұл өңір Албанның Қожбанбет, Жарты, Қанай атты  іргелі руларының ата қонысы. Осындағы тауда бағзы заманнан келе жатқан үңгір бар. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақпен  көрші жатқан Қытайда ұлтаралық қақтығыстар болғанда осы елдің билігінен  қашқан ұйғырдың Назым атты әйелі шекарадан өтіп келіп, біраз уақыт осы үңгірді паналаған көрінеді. Соңынан арнайы қуғын жіберген қытайлар оны осында өлтіріпті дейді жергілікті жұрт. Осыны желеу қылған ұйғыр ағайындар қазақтың Кетпен тауындағы үңгірді Назугум деп атап, оны мүлде меншіктеп басына тағы бір «қара тақтаны» іліп, ұйғыр ұлты қасиет тұтатын, тәу ететін, жиналатын  орындардың біріне айналдыру жолында жан таппай шапқылап жүр дейді аудандағылар.  Басында үңгір жанына  зәулім кесене салу, зиярат ететін орын ретінде жасауға қарсы болған аудан әкімінің өзі қазір ертегіге сенген жас балаша, ұйғыр  азаматтары жасап әкелген аса ауқымды  кесене кешененінің жобасы мен үлгісін құптап, оны нақты іске асыруға атсалысуда екен.

 

Осылайша, қазақ жерінің ең шұрайлы өңірін жайлап алғандар жергілікті жұртты біртіндеп ығыстырып, жер,  ғимарат атауларына ауыз салып, өзгерестер енгізуде. Автокөліктерінің артқы терезесіне әлем танымаған  Шығыс Түркістан республикасының  туын іліп, ұялы телефондарына сол ешкім мойындамаған мемлекеттің әнұранын жазып алғандарға, Шонжыдағы орталық көшедегі қазақтың ұлы билерінің портреттерін тілгілеп кеткендерге ай дейтін ажа, қой дейтін қожа табылмай тұр. Құқық қорғау органдары болса, оларды тура сол әрекеттері үшін жазалайтын заң жоқ деп безек қағады.

 

Аудандағы жекелеген қазақ азаматтарын айтпағанда, атқарушы билік орындарында отырған қандастарымыздың да кейбіреулері өздеріне  басымдықтарын ашық байқата бастаған ұйғыр ағайындардың өктемдігіне көне бастаған сыңайлы. Мәселен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы аудандағы ауыл шаруашылығын субсидиялаудың барысы жөнінде мәлімет сұрағанда, осы аудандағы ауыл шаруашылығы саласының жетекшісі - өз қандасымыз облысқа қажетті ақпарды ұйғыр тілінде жіберіп, масқара болыпты. «Мұның не»деген облыстағыларға, «бізде барлығы осы тілде сөйлейді» деген қандасымыздың намыссыздығы ащы да болса ақиқат. Оны осындай жауапты орында ұстап отырған облыстағылардың да жетесіздігі жаныңды ауыртады.

Міне, дәл қазіргі кезде тұтас өңірдегі өкінішті жағдайлардың қысқаша сипаты осындай. Атамекенінде өз дегендерімен тірлік ете алмай отырған жергілікті жұртқа кім көмектеседі.  Қазақ халқы бір кездері жер ауып, босып келгенде құшағын айқара ашып қарсы алғанына, төрінен орын ұсынып, алдына асын тосқанына кінәлі болғандай, өз жеріне өзі қожалық ете алмай отыр.  Мен ойлаймын, егер жағдай осылай жалғаса берсе, қазақтың жер ұйығы атанған Жетісудың ең  бір шұрайлы өңірінен айырылып қалуымыз әбден мүмкін. Бүгінде марқұм болып кеткен сол жерде туған ақын ағамыз Нүсіпбек Исахметов бас қоса қалғанымызда: «Ұйғыр ағайындар Жетісуды ұйғырландырудың ғасырлық жоспарын жасап алып, біртіндеп іске кірісіп жатыр» деп уайымдайтын. Қазіргі кезде сол жоспардың рет-ретімен орындалуда екендігіне шындығына көзіміз жете түскендей болды. Егер отандастарымыздың бір тобы өстіп дегендеріне біртіндеп жете берсе, күні ертең-ақ, Жетісудың емес, бүкіл Қазақстанның тұтастығына қауіп төнетіні анық.

 

Жарқынбек Сәду

Ұйғыр ауданы,

Алматы облысы

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2150
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2384
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661