Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 6186 0 пікір 14 Қыркүйек, 2015 сағат 09:15

Жұмаш КӨКБӨРІ. ТҰТАС ҰЛТ ҚОРЛАНСА, НЕ БОЛМАҚ?..

...Құл-құтан, билікке келеді,

Тексіздер, тексіздік себеді,

Қор болып, құлдықта жатса да,

Бәріне көнбіс ұлт, көнеді.

 

Тұтас ұлт, Дінінен айрылмақ,

Тұтас Ұлт, Тілінен айрылмақ,

Бар ұлттық құндылық сол ұлттан,

Түк қалмай, түбімен айрылмақ,

 

Құлдардан көрместі көреді,

Сұрамай барлығын береді...

Намыссыз, ұятсыз, қай ұлт та,

Қандай да езгіге көнеді.

 

Тұтас ұлт, қорланса, не болмақ:

Алдымен бар байлық тоналмақ,

Ұлынан - жоғалып бар намыс,

Қызынан - ар, ұят жоғалмақ,

 

Өзі - құл, өзгені құл етпек,

Сол ұлтты аздырып, жүдетпек.

Бар ұлттық намысын жоқ етіп,

Сол ұлтты бәрінен тұл етпек.

 

Тек құлдық, қор болу - санада,

Ол - селқос, ескіге, жаңаға,

Ағайын, айтшы, енді расын,

Мұндай ұлт -  Ұлт болып қала ма?..

 

 

0 пікір

Үздік материалдар