Сенбі, 27 Сәуір 2024
Билік 3618 0 пікір 16 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

ОҚО: АЗАМАТТАР ҚАЛАҒАН ЕМХАНАҒА ТIРКЕЛЕ АЛАДЫ

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтары медицина ұйымын еркiн таңдау құқығына ие. Қазақстан Республикасында Бiрыңғай Ұлттық Денсаулық Сақтау Жүйесiн жүзеге асыру мақсатында 2015 жылдың 15 қыркүйегi мен 15 қараша айы аралығында пациенттердiң медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететiн ұйымдарын ерiктi таңдау арқылы тiркеу науқаны өткiзiлуде, - деп хабарлайды Облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысына сәйкес тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесiне кiретiн амбулаториялық-емханалық көмек, медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) азаматтың өзi тiркелген МСАК мекемесiнде көрсетiледi.

Аймақтарда азаматтарды емхана, дәрiгерлiк амбулаториясына тiркеу бiр ғана әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аясында, тұрақты немесе уақытша тұратын мекенжайына, жұмыс жасайтын жұмыс орнына немесе оқу орнына сәйкес медициналық ұйымды ерiктi таңдау арқылы жүргiзiледi.

Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алу үшiн азаматтар емхана немесе дәрiгерлiк амбулаториядан тiркеу талонын алу қажет (тiркеу талоны тiркеу орнында берiледi).    

Тiркелу орны өзгеретiн жағдайда азамат өзi тiркелген емханадан тiркеуден шығу талонын және өзiмен жеке басының куәлiгiн алып, өзi қалаған емханасына тiркеле алады (тұрғын мекенжайы бойынша анықтама талап етiлмейдi).

Азаматтың өзi тiркелген емхана, дәрiгерлiк амбулаторияның қызметi қанағаттандырса, тiркеу науқанына қатыспаған болса, медицина ұйымы келесi жылға тiркеуде қалдыру құқығы бар. Азаматтарды медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету ұйымына ерiктi тiркеу жылда бiр рет өткiзiледi.

Осыған байланысты халықтың бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарын еркiн таңдау мүмкiндiгi жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейiн жүргiзiлетiнiн хабарлаймыз.

Abai.kz

0 пікір