Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5839 0 пікір 18 Қыркүйек, 2014 сағат 10:30

ЖУРНАЛИСТІК ЭТИКА ҚАҒИДАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше ОҚО ішкі саясат басқармасының ұйымдастырумен  «Журналистік этика» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинарға облыстық және аудан, қалалық БАҚ өкілдері, жас журналистер қатысты.

Журналистер этикасы Кодексін қабылдау маңыздылығын Елбасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» тақырыбымен жарияланған мақаласында ерекше атап өткен болатын.

Семинардың мақсаты – журналистердің біліктілігін арттыру,  кәсіби деңгейде ақпарат алуы мен таратуына жол ашу болып табылады.     

Осыған байланысты, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли «Қазақстан Республикасы журналисінің этикалық кодексі» бойынша кіріспе сөз сөйлеп, семинарды жүргізіп отырды.

Семинарға арнайы Алматы қаласынан келген  белгілі журналист, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты «Алаш айнасы» интернет газетінің бас редакторы Серік Жанболат пен «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы қоғамдық қорының жетекшісі Есенкүл Кәпқызы  арнайы лекция оқыды.

Алдағы уақытта облыс журналистерімен «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Жанболат Аупбаев, «Айқын» газетінің бөлім меңгерушісі Гүлзина Бектасова, «Астана» телеарнасының тележүргізушісі Жайна Сламбек және «Абай» ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуат өз тәжірибелерімен бөліспекші.

 

 

Абай-ақпарат 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2165
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2567
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1669