Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4236 0 пікір 19 Қыркүйек, 2014 сағат 11:54

ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Қытайда «Қазақ тарихының деректері» кітабы жарыққа шыққанын 24.kz арнасы  хабарлады.  Әлемнің әр түкпірінде тарыдай шашырап жүрген қандастарымыз тарихы мен төл тіліне сусындауы үшін кітап аса қажет. 1,5 миллионға жуық қандастарымыз тұратын Қытайда қазақ тілінде кітап шығаратын санаулы ғана баспа бар. Соның бірі – Бейжіңдегі ұлттар баспасы. Ашылғанына 60 жыл болған Бейжіңдегі ұлттар баспасында негізінен Қытайдағы 5 ұлттың кітабы жарыққа шығады. Онда қазақ, корей, моңғол, тибет және ұйғыр тілдерінде кітап жарық көреді. Аз ұлттар төл туындыларын қытайша тәржімалап қана қоймай, ана тілдерінде де тарата алады. Ал қазақ редакциясында 23 адам жұмыс істейді. Мұнай Әбілбайұлы шәкіртіне кітапты көркемдеудің қыр-сырын үйретіп жатыр. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін баспада жұмыс істегелі 30 жылға жуықтады. Қазір қазақша кітаптың сауатты шығуына жауаты аға редактор қызметін атқарады. Биыл редакция «Қазақ тарихының деректері» деген 3 томдықты шығарды. Бұл осы жылдың ең сүбелі еңбегі болды. Баспада бір жылда қазақ қаламгерлерінің 300-ден астам туындысы тәржімаланып және түпнұсқасымен басылып шығады екен. Бұдан бөлек, қазақ ауыз әдебиетінің тарихы мен мақал-мәтелдердің бірнеше томы жарық көрген. Балалар әдебиеті де ұмыт қалмаған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2169
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2571
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2447
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672