Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Деп жатыр 6738 0 пікір 19 Қыркүйек, 2014 сағат 12:22

ПОРОШЕНКО: КРЕМЛЬ ҚАЗАҚСТАНҒА ДА ҚАУІП ТӨНДІРЕДІ

Петр Порошенко "Кремльдің орыс тілділерді қорғау саясаты Украинада соғыс шығарғанын" және Кремльдің бұл позициясы бірқатар елдерге, оның ішінде Қазақстанға да қатер төндіретінін айтты. Бұлай деп Азаттық радиосы жазды. Қыркүйектің 18-і күні Украина президенті Петр Порошенко АҚШ Конгресі палаталарының біріккен отырысында сөйлеп, Қазақстан жайлы да айтқан.

Мінберде Порошенко 20 жыл бұрын Будапешт меморандумына қол қойылғанын еске алды. Ол келісім бойынша ядролық қарудан бас тартқаны үшін Украинаның территориялық тұтастығы мен шекараларының мызғымастығына АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Франция және Қытай кепілдік бергенін айтқан Украина президенті "Сондағы жеткен жеріміз Ресей агрессиясы болып отыр. Өкінішке орай, Кеңес Одағы құлағанымен, ол әлі адамдардың санасында өмір сүріп жатыр және ревизияшыл инстинктер әлі бар. 2008 жылы Ресей Абхазияны, Оңтүстік Осетияны басып алды. Этникалық орыстарды және орыс тілділерді қорғау құқығын жариялау Украинада соғыс өртін тұтатуға жеткілікті болды. Олар (этникалық орыстар мен орыс тілділерді айтады - ред.) қазір Молдовада, Қазақстанда, Грузияда, Балтық елдерінде, Польшада, Болгарияда, тіпті әжептәуір бөлігі Германияда тұрады. Келесі кезекте қай ел тұр?" дейді.

Петр Порошенко Конгресс мүшелері алдында бір сағаттай сөйлеген. АҚШ депутаттары бірнеше мәрте орындарынан тұрып, қол соғыпты. Петр Порошенко АҚШ-қа ресми сапармен қыркүйектің 18-і барды. Сапары барысында ол АҚШ президенті Барак Обамамен кездескен.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2167
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2570
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2446
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1671