Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 6569 0 пікір 23 Қыркүйек, 2014 сағат 15:24

ТҮРКИЯҒА КӨМЕК ҚАЖЕТ

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің мәліметінше, соңғы күндері Сирия-Түркия шекарасын кесіп өткен 130 мыңдай босқынды қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін Түркияға халықаралық көмек қажет, деп хабарлайды ВВС. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің Түркиядағы өкілі Кэрол Бачелордың айтуынша, босқындар санының ағылуы кез келген ел үшін күрделі проблема тудырады. Әсіресе азық-түлік, көрпелер мен қысқы киімнің тапшылығы айқын сезілуде. 

«Ислам мемлекеті» тобының содырлары Сирия мен Ирактағы ең ірі аудандарды бақылауына алғаннан бері Түркияға бас сауғалап қашқан күрдтер саны артып барады. Түркия қазірдің өзінде соңғы үш жылда Сирины тастап қашқан миллионнан астам босқындарды қайда орналастыратынын білмей дал болуда. 

Абай-ақпарат

 

0 пікір