Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Жаңалықтар 7656 0 пікір 29 Қыркүйек, 2014 сағат 10:34

ӘУЕЗОВ ТЕАТРЫ МАҢЫНДА 40 АДАМ ҰСТАЛДЫ

 

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы драма театры маңында жаппай төбелес орын ала жаздады. Полиция дер кезінде жетіп бассыздықтың алдын алған.  Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлап отыр.

Алматы қаласы ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәлімдеуінше , жаппай төбелесуге жиналғандар футбол жанкүйерлері болуы мүмкін. Олар кеше, 28 қыркүйек күні сағат 18.00-де Орталық стадионда өтетін "Қайрат" және "Ақтөбе" командалары арасындағы матчқа келуі ықтимал.

 

Жаппай төбелестің жолын кескен жол патруль полициясы. Әуезов атындағы театр маңында тұтқындалған 40 адамның бәрі аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілген. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар