Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 6192 0 пікір 29 Қыркүйек, 2014 сағат 10:45

АЛМАТЫДА САЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ ТАРАТЫЛДЫ

Алматы қалалық Салық департаменті мен Кедендік бақылау департаменті біріктіріліп, Мемлекеттік кіріс департаменті болып қайта құрылады. ҚазАқпараттың жазуынша, бұл туралы қалалық Салық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлаған. 

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы №933 «Қазақстан Республикасындағы мекемелер мен орталық атқару органдары туралы» Қаулысына сәйкес ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Кедендік бақылау комитеті таратылып, ҚР Кіріс комитеті болып қайта құрылған болатын.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар