Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Өзіңе сен 11906 0 пікір 30 Қыркүйек, 2014 сағат 08:00

ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВ – ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ

Қазақстанның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері – Талғат Теменов Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық музыкалық қазақ драма театрының директоры болып тағайындалды. Талғат Досымғалиұлын театр ұжымына Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы таныстырды.

Теменов Талғат Досымғалиұлы   – кинорежиссер, кинодраматург, Қазақстанның халық әртісі. Алматы мемлекеттік консерваториясының театр бөлімін және Мәскеудегі бұрынғы КСРО Мемлекеттік кино жанындағы жоғары режиссерлер мен сценарийшілер курсын С.А. Соловьевтің шеберханасы бойынша бітірген.

  «Адамдар арасындағы бөлтірік»,  «Махаббат бекеті», «Қызғыш құс», «Шаңырақ»  атты көркемфильмдердің режиссері. «Гүлнәз», «Ой жасын» повестері мен әңгімелерінің авторы.

Үнемі шығармашылық ізденістерімен көзге түсіп жүретін мәдениет саласының қайраткері, дарынды режиссер, драматург, жазушы Талғат Досымғалиұлын жаңа қызметімен құттықтай отырып, Қуанышбаев атындағы театр ұжымының сахна әлемінде саңлақ атана берулеріне тілектестігімізді білдіреміз.

Abai.kz   

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1603
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1504
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1252
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1222