Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4963 0 пікір 30 Қыркүйек, 2014 сағат 08:18

ОҚО-да Республикалық шағын футбол турнирі мәресіне жетті

Ел сөзін сөйлеп, ұлт қамын ойлаған арда азаматтарымыз Т.Рысқұлов пен С.Қожановтың 120 жылдығы және қара шаңырақ атанған «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 90 жылдығына орай журналистер арасында шағын футболдан республикалық турнир өтті деп хабарлайды ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі. Бұл турнирде қоғам қайраткерлерін еске алып құран бағышталды. Шымкенттегі халықаралық талаптарға сай «БИІК» спорт кешенінде өткен турнирге Алматы қаласы мен Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының журналистерінен құралған 9 команда қатысты. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ұйымдастыруымен облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткен шағын футболдың мақсаты саламатты өмір салтын насихаттап, журналистер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Жеребе жолдас болғандар: «А» тобы: Алматы, Жамбыл, облыстық ішкі саясат басқармасы мен Созақ ауданы және «Жанубий Қозоғистон» газеті. Ал, «В» тобында Қызылорда, «Оңтүстік Қазақстан» газеті, ОҚО журналистер одағының құрамасы және «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы. Ашылу салтанатында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали мен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Бақтияр Тайжан сөз алды. Сонымен қатар Алматыдан арнайы келген «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл мен «Қазақстан жазушылар одағы» басқармасының орынбасары Жанарбек Әшімжан қатысушыларға сәттілік тілеп, турнирді ашық деп жариялады. Футболдың қорытындысы бойынша бірінші орын Жамбыл облысы, екінші орынды Алматы қаласы алса, үшінші орынды қызылордалықтар жеңіп алды. Тартысты өткен бұл кездесуде жамбылдықтардың мерейі үстем түсті. Қорытындысында кубок пен марапат қағазынан бөлек, Жамбыл облысы 120 мың, Алматы қаласы 90 мың, Қызылорда облысы 60 мың теңгеге ие болды. Сайыс кезінде ерекше көзге түскен ойыншылар арнайы марапат қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1568
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1457
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1205
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1190