Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Мәселенің мәні 6076 0 пікір 30 Қыркүйек, 2014 сағат 09:54

ҮЕҰ-ЛАРҒА СЫЙАҚЫ. ОЛ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

ҮЕҰ-ларға сыйақы. Ол не үшін керек?

 

Қазақстанның азаматтық альянсы (ҚАА) «ҮЕҰ-лардың қызметінің мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында  Үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ-ларды) қаржыландырудың үш түрін ұсынып отыр. Соның бірі – ҮЕҰ-ларға арналған сыйақы.

«ҮЕҰ-ларға сыйақы беруді енгізу еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосқан барынша кәсіби ҮЕҰ-ларды ынталандыру, сондай-ақ конкурстар мен тендерлерге қатыспайтын ұйымдарды қолдау үшін қажет»,- деп санайды ҚАА-ның президенті Нұрлан Ерімбетов.

Негізгі қызметі табыс табуға бағытталған бизнес ұйымдарынан үкіметтік емес ұйымдардың бір айырмашылығы - өз қызметін тегін ұсынады. Осылайша, мемлекеттік сатып алу заңының аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуы ҮЕҰ-ларды өзін дамытуға (құрал-жабдықтар сатып алуға, қызметкерлерін оқытуға) қаржы жұмсау мүмкіндігінен айыруда. Алайда, ҚАА әзірлеген заң жобасында ҮЕҰ-ларды институционалдық тұрғыдан дамытуға арналған механизм қарастырылған. Сондай механизмдердің бірі – ҮЕҰ-ларға арналған сыйақы. ҚАА сарапшыларының пікірінше, бұл жерде «сыйақы» деген терминнің қолданылуы ҮЕҰ-ларға мемлекет қаражатын тегін бөлуге мүмкіндік береді. Мәселен, «Дарын» немесе «Парыз» сыйақылары сияқты...

Сонымен бірге, заң жобасында жазылғандай, сыйақыларды берудің ашық тәртібі қарастырылған. Біріншіден, үкіметтік емес ұйымдарды сыйақы алуға Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан құрылған ҮЕҰ-лармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі ұсынады. Ең бастысы әрбір ұсыныс өкілетті органның жанындағы сарапшылар комиссиясының сынағынан өтеді. ҮЕҰ-лардың әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесін бағалау кезінде қоғамдық пікір, баспасөз беттеріндегі рецензиялар, қоғамдық ұйымдардың және барлық деңгейдегі ҮЕҰ-лармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестердің пікірі ескеріледі.

Екіншіден, үкіметтік емес ұйымдарға сыйақыны жекелеген мемлекеттік орган емес, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды. Үшіншіден, ҮЕҰ-ларға арналған сыйақылар үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерінің арасында бөлінбейді, ол тек жарғылық мақсаттарға сәйкес қана жұмсалады. Бұл жерде ескеретін бір нәрсе бар. Яғни, ҮЕҰ-ларға сыйақыға берілген ақшаны қайырымдылық мақсатқа, сол ұйымның материалдық-техникалық жағынан жарақтандырылуына және қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, бір сөзбен айтқанда, ҮЕҰ-лардың институционалдық дамуына жұмсауға болады.

Айта кетерлік жайттың бірі, өркениетті елдердің барлығында ҮЕҰ-ларға қаржылық қор жиып, өзінің материалдық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, Еуропаның көптеген елдері осындай заңнаманы ондаған жылдар бойы қолданып келеді. Сондай-ақ, дамыған мемлекеттердің салық заңнамасында ҮЕҰ-ларды қолдауға өз табысының бір бөлігін аударатын азаматтар мен коммерциялық құрылымдарды ынталандырудың әртүрлі механизмдері бар. Мысалы, ол нақты бір ҮЕҰ-ның есеп-шотына өз табысының 1 пайызын аударуға азаматтарға мүмкіндік беретін нормалар. Мұндай нормалар сондай-ақ, кәсіпкер-меценаттарға, қайырымдылық көрсететін жандарға арнайы жеңілдіктер береді. Ал Қазақстанның заңдарында мұндай механизмдер жоқ. Сол себептен ҮЕҰ-лардың көпшілігі халыққа барынша шығынды санаулы қызмет түрлерін көрсетуге материалдық мүмкіндігі болмағандықтан, құны арзанға түсетін кеңес беру қызметтерін ғана ұсынады. Өзінің негізгі жұмысымен айналыса отырып, отандық ҮЕҰ-лардың өзінің материалдық және әлеуметтік мәртебесін көтеруге, капитал жинап, қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ешқандай мүмкіндіктері жоқ. ҚАА әзірлеген жоғарыдағы заң жобасы осындай кемшіліктердің орнын толтыруды, отандық ҮЕҰ-ларды жан-жақты дамытуды көздеп отыр.

 

Әмірлан Әлімжан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1576
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1465
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1213
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1195