Жұма, 26 Сәуір 2024
Мәйекті 6235 0 пікір 1 Қазан, 2014 сағат 09:06

ҚАЗАҚТЫ ҚАЙТІП БИЛЕУ КЕРЕК?

Қазір Орал қаласында тұрып жатқан ақын бауырымыз Қазыбек Құттымұратұлы Фейсбуктегі өзінің жеке парақшасына 1775-1780 жылдары ІІ Екатерина патшаның (суретте) Орынбор генерал-губернаторына жолдаған құпия жарлығын жариялапты.

 ІІ Екатерина патшайымның өмірден озып, құпия жарлықтың жетер жеріне жетіп болғанына көп жылдар өткенімен көнермей, тозбай, өзгермей өзінің  әуелбастағы «құндылығын» сақтаған бір cаясат бар. Ол – қазақты ішінен алатайдай бүлдірудің саясаты. Ол – қазақты қайтіп билеу керектігінің амалы. Төмендегі құпия жарлықты қайыра еске салып, қатын патшаның тұсынан бергі Ресей мен қазақ арасын салыстыру үшін беріп отырмыз. Көз жүгіртіп шығыңыз. Сонымен, ІІ Екатерина патшаның Орынбор генерал-губернаторына жолдаған құпия жарлығы... былай дейді:    

«1) Қырғыз-қазақ халқының бір ру басшыларын екінші ру басшыларыменен араз етіп, бірі менен бірін қас етіп, бірінің етін бірі жеуге себеп болыңыз.

2) Сұлтандардың бірі менен бірін араз қылып, бірі менен бірін иттей тартыстырып, бірінің етін бірі жеуге себеп болардай іс қылыңыз.

3) Қырғыз-қазақтың басшы адамдарын сұлтандарымен араз қылып, сұлтандарын өз қол астындағы ақсақал адамдарымен араз қылыңыз. Арасына от түскен уақытта жанып кетердей көкір-сөкір даярлай беріңіз. Осылайша арасына от тұтатып береке-бірлігін алсақ, өзара азып, тозғандығынан қазақ-қырғыз жұрты бөтен патшалық қол астына көшіп кетерге дәрмені болмас. Өз-өздері қырық пышақ болып, қырылысып, жеңілген жағы жеңген жағынан өш алар үшін, күш алар үшін Россия патшалығына жақындар уа патшалыққа қорғалар. Сол уақытта Россия хүкіметі араларына төре болып, төрелеп, ретіне қарай я анасына, я мынау жағын қуаттап тұру керек. Түрлі амалменен сұлтандарының күшін кетірсек, өзімізден озып ешқайда кете алмас. Келетін, кететін жері өзіміз болып, тілегенімізше қақпалап жортармыз»

[Энциклопедия «Айқап» / Бас редактор Р.Нұрғалиев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995. 255-б.].

Abai.kz

0 пікір