Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4161 0 пікір 2 Қазан, 2014 сағат 11:06

СЕНАТ 75 ПАЙЫЗҒА ЖАҢАРАДЫ

Сенат

Сенат құрамы 75 пайызға жаңарады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім еткен.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, жаңадан сайланатын депутат өз өкілеттігін алу үшін үш кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде облыстық сайлау комиссиялары дауыс берудің нәтижелерін белгілейді. Ал оның хаттамалары Орталық сайлау комиссиясына жөнелтіледі. Екінші кезеңде облыстық комиссиялар хаттамаларының саны қаралып, кім сайланғаны қорытындыланады. Үшінші кезеңде тіркеуден өту керек. Тіркеуден өткеннен кейін депутаттар өз өкілеттігіне толық ие болады.

ОСК төрағасының айтуынша Сенат депутаттарының құрамы 75 пайызға жаңарған және бұған дейін сенатор болған 4 депутат өз орынын сақтап қалған.

Абай-ақпарат

 

0 пікір