Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4067 0 пікір 14 Қазан, 2014 сағат 08:18

ЖЕРЛЕСІМІЗ МЕККЕГЕ ЖАЯУ ЖЕТІП ҚАЖЫЛЫҚ ӨТЕДІ

Дулат Иманқажы Меккеге  жаяу аттанып, қажылық парызын өтеп елге аман-есен оралды. Бұл туралы muslim.kz жазды.

Астана қаласының 47 жасар тұрғыны бұл сапарына 6 шілде қарсаңында аттанған. Ақтау арқылы Бакуге, одан әрі Иран мен Кувейт арқылы Меккеге жаяу жетуді ойлаған желаяқ 7 мың жарым шақырым жолдың бес мың шақырымын жаяу жүріп өткен. Қазақстанның 5 облысы мен 4 мемлекет арқылы өтіп, қыркүйектің 15-інде Сауд Арабиясына жеткен. «Мен спортшы ретінде осы марафон арқылы салауатты өмір салты мен имандылықты насихаттау мақсатымды орындадым», - деген өз сөзінде Дулат Иманқажы.

Абай-ақпарат

0 пікір