Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Алаң 9846 0 пікір 14 Қазан, 2014 сағат 10:51

ЭБОЛА ІНДЕТІ ЕЛЕҢДЕТІП ТҰР

Біраздан бері әлем елдерін «қара құрылықтан» басталған жұқпалы әрі дауасы табылмай тұрған эбола дерті қатты елеңдетіп тұр. Қазірдің өзінде барлық елдер қолда бар мүмкіндіктерін қарастырып сақтық шараларын қолдану үстінде. Жұқпалы дерттің ошағы өткен 2013 жылы  қыс айында  Батыс Африканың Гвинея мемлекетінде тіркелген еді. Осынау қауіпті безгек қазіргі кезде көршілес  Либерия, Сьерра-Леоне сынды мемлекеттерде кеңінен таралып отыр. Өткен аптада Нигерияда жағдай ушығып бара жатқан соң, төтенше жағдай жариялаған.  ДДСҰ соңғы мәліметтеріне қарағанда, вирус 1 мың 552 адамның өмірін қиды, жалпы дерттің 3 мың 069-дан аса  жағдайы тіркелді. Сондай-ақ,  осы қауіпті дерттің тағы бір ошағы ─ Либерия аумағы болып табылады. Мұнда қанды безгектен көз жұмғандар саны 2316-ға жетті, оны 4076 адам жұқтырған. Сьерра-Леоне мемлекетінде Эболадан 930 адам қаза болып, 2950 адам ауруды жұқтырды. Ал Гвинеяда  вирустан 788 адам қаза болып, оны жұқтырғандар саны 1350-ге жеткен. Конго Демократиялық Республикасында ауруды жұқтырған 71 адам тіркеліп, 43 науқас көз жұмған. Нигерияда вирустан 8 адам қаза болып, оны 20 адам жүқтырған. Эбола безгегі бұдан бөлек, Испания мен АҚШ аумағында тіркелген.  Соңғы мәліметтерді қорытындылай келе, қазіргі уақытта Эбола қанды безгегінен қаза болғандар саны 4076-ға жетіп, 8470 адамның оны жұқтырып алғаны белгілі болды.

     Эбола ─ филовирустар тобына жататын індет. Эболаның пайда болған уақыты ─ 1976 жыл. Бұл вирустың ошағы Заирдегі Эбола маңында тұратын елді-мекендерде байқалғандықтан осы өзеннің атын алған. Эбола безгегінің белгілері негізінен Марбург вирусына аса ұқсас.  «Эбола адамдарға аң-құстардан тараған»,  ─ дейді мамандар. Науқастың емделіп кету мүмкіндігін пайызбен айтсақ, бар-жоғы – 10-ақ пайыз.  Демек,  осы дертті жұқтырған 100 адамның 10-ғана сауығуы мүмкін. Оның үстіне Эбола, әсіресе тез жұғатындығымен  аса қауіпті.

     Ал осыну адам өміріне аса қатерлі дерттің   қалай пайда болуы жайлы ешкім тап басып айта алмайды. Әр түрлі әңгімелер бар, біреулері адамзат баласының табиғатқа жасап жатқан жозықсыз әрекеттеріне жауабы десе, біреулері арнайы ғылыми зерттеу үшін арнайы таратылған деген де күдік бар. Қалай десек те бұл бүгінгі күнгі адамзат баласының басына төніп тұрған нәубет екекні шындық.

  Дәігерлердің айтуынша,  оның таралу жолдары да өте көп. Ауа арқылы, вирус жұқтырған жанмен тікелей байланыс, оның ұстаған заттары, қаны арқылы жұғуы мүмкін екен.  Эбола вирусының ошақтары көбінесе Орталық және Батыс Африканың шалғай ауылдарында пайда болады.  Вирус ағзаға түскен соң, 8-10-ы күндері алғашқы белгілерін беріп, ауру тез дамиды. Адамның басы ауырып, қан құсып, іші қан аралас өтіп, бұлшық еттері ауырып, көз, мұрын, құлақтан да қан кететін көрінеді. Дене температурасы 39-40 градустан түспейді. Артынан құрғақ жөтел мен кеуде тұсында ауру пайда болуы мүмкін көрінеді. Медиктер аталмыш вируспен күресіп жүргенде, басқа да жұқпалы аурулардың тарау қаупі күшейіп тұр. Тіпті бір деректерде,  науқастарға көмек беріп жүрген 155 дәрігер Эбола безгегін жұқтырып, басым бөлігі көз жұмғаны айтылады. Демек, қаншалықты сақтық шаралары сақталғанымен осы дертпен жақындасқан адамның сау қалуы мүмкін емес екені байқалады. Дегенмен,  бұл дерті осыдан бірнеше жыл бұрын Қытайдан «шошқа тұмауына» ұқсататындар да бар.  Кезінде үлкен дүрбелең туғызған бұл дерттің қауіптілігі өзге тұмаулардан аса жоғары еместігі анықталған. Сондықтан кейбір скептиктер бұл вирусқа қатысты қатты үрейленудің қажет жоқ деп есептейді. Жақын уақытта Эбола безгегінің вирусы Ұлыбиртания мен Франция халқына жетуі мүмкін, деген ақпарат тарады. Мұндай қорытындыны аурудың таралу бағыты мен әуе компанияларының ұшу бағыттарын саралап көрген ғалымдар жасаған.  Атап айтқанда, Францияда безгектің таралу қатері 24 қазанда 75 пайызды құраса, Ұлыбританияда 50 пайызға жетпек. Сондай-ақ Эбола Бельгия, Испания, Швейцария елдерінің халқына да өз зардабын әкелуі мүмкін дейді ғалымдар.

    Енді Африкадан әлемнің бір қиырында  жатқан біздің елімізге қаншалықты қауіпті деген сауалға келсек, біздің де алаңдайтын жағдайымыз бар екен.

  Олай дейтініміз жуырда Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Мелита Вуйнович отандық БАҚ-тарға берген мәлімдемесінде «Бұл індеттен ешкім сақтандырылған жоқ. Әрине, әзірге байбалам салуға болмас. Алайда кез-келген жағдайға дайын тұрған жөн. Өйткені, індетті жұқтырған біреудің Қазақстанға келуі әбден мүмкін ғой» деп атап өткені белгілі.  Оның үстіне   ақпарат құралдары арқылы жуырда ғана көршілес Ресейде 2 адам осы жұқпалы дертке ұшырағыны анықталған. Олай болса, іргемізде жатқан елге жеткен, айтқан жерден жырақ болсын «эболаның» біздің де есігімізді қақпасына ешкім кепілдік бере алмайды. «Сақтық та қорлық жоқ» демекші біздің де денсаулық ұйымдары   осы дертке қарсы шараларын қолға ала  бастағаны өте орынды көрінеді.

     Еліміздің Бас санитариялық-эпидемиологы  Ж.М. Бекшиннің мәлімдеуінше, Республиканың халықаралық әуежайларында Эбола дерті бойынша қолайсыз елдерден келетін адамдарды күшейтілген санитариялық-карантиндік бақылау жалғастырылуда. Қолайсыз елдерге баратын адамдарға және бортжолсеріктеріне санитариялық-бақылау пункттерінің қызметкерлері алдын алу шаралары туралы нұсқау жүргізу жолға қойылған. Сонымен бірге,
жыл басынан бастап қазіргі уақытқа дейін мемлекеттік шеқара өткізу пункттерінде 978418 адамнан астам тексеріліп, аурулардың белгілері бар адамдар анықталмаған. 1068 емдеу-профилактикалық мекемесінің аса қауіпті инфекциялар, оның ішінде Эбола геморрагиялық қызбасы, коронавирус анықталған жағдайда алғашқы эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды жүргізуге дайындығы тексерілді. 4541 дәрігер, 12685 ортаңғы медицина мамандарының қатысуымен аса қауіпті инфекциялар бойынша 714 семинар және 3093 дәрігер мен 9853 ортаңғы медицина қызметкерлерінің қатысуымен 943 жаттығу сабақтары өткізілген.   Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігіне қауіпті безгек шыққан мемлекеттерге барған отандастырымыздың тізіміне сұрау салынып,.  Білім министрлігі шетелде оқитын студенттердің тізімін түгендеп, әсіресе осы дерт тараағу мүмкіндігі үлкен елдердегі жастарды  іздей бастады. Оның үстіне мамандар індеттің беті қайтқанға дейін «эбола безгегі» жайлаған елдерге сапар шегуді қоя тұруға кеңес беруде.

    Түйіндей айтқанда,  атам қазақтың «сақтықта қорлық жоқ» дегендейін дүниені дүр сілкіндіріп тұрған «эбола» індетінен сақтан ғанымыз абзал. Басты талап – дәрігерлердің қашаннан бері бізге қойып келе жатқан жеке басымыздың гигениялық тазалығын сақтап, сергек жүргеніміз  жөн секілді.

Серікжан Қажи

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1395
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1226
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 983
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1060