Жұма, 21 Маусым 2024
Жаңалықтар 6907 0 пікір 21 Қазан, 2014 сағат 16:10

«ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКА» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТУДЕ

«Хабар» агенттігі Бас продюсердiң орынбасары Арман Сқабылұлы мен «Астана» телеарнасының аналитик редакторы Жайна Сламбекқызының қатысуымен ТВ-дағы сұхбат жанры мен тікелей эфирде сұхбат жүргізудің қыр-сыры туралы БАҚ арасында «Тележурналистика» тақырыбында семинар-тренинг өтуде.

ОҚО Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли ұйытқы болған семинар-тренингке танымал тележурналистика мамандары қатысуда. Әр сөзін балғамен ұрғандай нықтап айтатын белгілі тележурналист, «Астана» телеарнасының аналитик редакторы Жайна Сламбек, көргені мен түйгені мол «Хабар» агенттігінің продюсері Арман Сқабылұлы семинар барысында жергілікті журналистермен емін-еркін пікір алмасып, тақырып төңірегінде ой бөлісуде.

Абай-ақпарат

0 пікір