Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4318 0 пікір 22 Қазан, 2014 сағат 11:37

ШКОЛЬНИК ХАЛЫҚҚА ӨКПЕЛЕМЕЙДІ

Энергетика министрлігі бензин қорын құрмақ. Сөйтіп қат тауарға айналған АИ 92 –ні көп көлемде жинап алмақшы. Осы арқылы тапшылықты түбегейлі жоймақ ойда. Жаңа жылға дейін елімізге АИ-92 маркалы 272 мың тонна бензин жеткізіледі деп жоспарланып отыр деп хабарлайды Nur.kz жаңалықтары КТК арнасына сілтеме жасап.

Бұл отын түрі бұған дейін Әзірбайжан мен Түркіменстаннан тасымалданса, енді Қытайдан да алынбақ. Себебі, жөндеуге тоқтаған елдегі 3 бірдей мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыру мерзімі көктемге қалған. Тіпті, зауыттар жүз пайызға жұмыс істегеннің өзінде елдегі жанармай тапшылығы мүлдем жойылмайды . Дегенмен, қазір еліміздің шекараларында жанармай өнімдерінің заңсыз шығуына жол бермеу үшін бақылау шаралары да күшейтілген.

Ал, энергетика министрі Владимир Школьниктің сөзіне сенсек, жанар-жағармай нарығындағы ахуал тұрақталған. Бензинді үнемдеу үшін жұртты автобусқа мінуге шақырған министр, бастамасының аяқсыз қалғанына ренжімейтінін айтқан.

"Көшеде машина азайғанын көрген жоқпыз. Елдің бәрі әлі үлкен көліктерімен зуылдап жүр. АИ-92 бүкіл жерде бар. Біз мұны қадағалап отырмыз. Көп облыста май құю бекеттеріндегі шектеулер алынып тасталды", - деді министр өз сөзінде.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1523
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1379
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1129
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1151