Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Қорған 8127 0 пікір 7 Қараша, 2014 сағат 13:51

«ПРЕЗИДЕНТІМ ПУТИН» ДЕП ОҚЫҒАН БАЛА ҚАНДАЙ АЗАМАТ БОЛАДЫ?

Келесі оқу жылынан бастап Байқоңырдағы алты қазақ мектебіқазақстандық білім стандарттары бойынша оқитын болады. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев  осылай мәлімдеді. Бұл туралы bnews.kz сілтеме жасай отырып, nur.kz сайты жазады.   хабарлайды.

 "Ия, Байқоңырда Қазақстан балалары оқитын алты мектеп бар. Олар Қазақстанның білім стандарты емес, Ресейдің білім стандарты бойынша білім алды. Қазақтың балалары қазақ мектебінде кітап бетін ашады да, "Президентім Путин" дейді. Ертең олар қандай азамат, қандай патриот болады деп айта аламыз?", - деді Қырымбек Көшербаев.

Әкім  осы мектептерді  бітірген қазақ оқушылары біздің Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыса алмайтынын, сондықтан, біздің жоғарғы оқу орындарына түсе алмай қиналып жүргенін айтты.

Яғни, олардың Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі заңды құқықтарына шектеу қойылған.

"Сондықтан, екі елдің Білім министрліктері Үкіметаралық келісім жүргізді. Бұған дейін айтқанымдай, осы айда Байқоңырда Үкіметаралық отырыс өтеді, сол отырыс барысында бұл мәселе де өз шешімін табады. Аманшылық болса, 2015 жылдың 1 қыркүйегінен Байқоңырдағы алты қазақ мектебі қазақстандық білім беру стандартына көшеді",-деп толықтырды әкім.

Дереккөз: nur.kz

0 пікір

Үздік материалдар