Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Ел іші... 22940 0 пікір 11 Қараша, 2014 сағат 13:25

«АҚБҰЛАҚТЫҢ» АРҚАСЫНДА АУЫЛҒА АУЫЗ СУ КЕЛДІ

Су – тіршілік көзі. Қоғамдағы барлық тіршілік салалары үшін су ресурстарының маңыздылығын айтып жатудың өзі артық. Келіспесеңіз, жер бетіндегі тіршілікті сусыз елестетіп көріңіз… Әрине, ол мүмкін емес. Сондықтан республика халқын сумен қамтамасыз ету, су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау өмірлік маңызы бар мәселе екені бәрімізге белгілі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Үкіметі басталған игі істің жалғасы ретін-де қала мен ауылдық елді мекендер тұрғындарын са-палы, таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған 2011-2020 жылдар аралығына арналған "Ақбұлақ" бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Сөйтіп, 2011 жылдан бастап сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы мен оған жөндеу жүргізу жұмыстары қайта жанданып, бағдарлама ел игілігіне қайта жұмыс істей бастады. Өңірлердегі жергілікті әкімдіктерге жаңа міндеттер жүктеліп, нәтижесінде, айналасы үш-төрт жылдың ішінде біраз шаруа атқарылды.

Халық үшін сапалы ауыз суға қолжетімділіктің маңызы өте зор. Осыны сезінген Үкімет ел тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бар күшін салып отыр. Сондықтан да әлеуметтік маңызы жоғары "Ақбұлақ" – жан-жақты, тыңғылықты зерттеліп-зерделенген бағдарлама. Бағдарлама ойдағыдай орындалып жатса, қала мен ауыл халқы толығымен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін күн де алыс емес.

Ауыз сумен қамтамасыз етудегі оң жұмыстарға қарамастан, бүгінгі күні республика халқының едәуір бөлігі сапалы және жеткілікті көлемде сумен әлі күнге дейін қамтамасыз етілмеген. Науырзым ауданы да солардың қатарында болатын. 

Мемлекет басшысы Нұрсұл-тан Назарбаевтың тапсырмасымен Үкіметі басталған игі істің жалғасы ретінде қала мен ауылдық елді мекендер тұрғындарын сапалы, таза ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған 2011-2020 жылдар аралығына арналған "Ақбұлақ" бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Сөйтіп, 2011 жылдан бастап сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы мен  оған  жөндеу  жүргізу  жұ-мыстары қайта жанданып, бағдарлама ел игілігіне қайта жұ-мыс істей бастады. Өңірлердегі жергілікті әкімдіктерге жаңа міндеттер жүктеліп, нәтижесінде, айналасы үш-төрт жылдың ішінде біраз шаруа атқарылды.

Шалғай елді мекендерге су желілерін тартып, ел тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтуға бағытталған "Ақбұлақ" бағдарламасы бүгінде еліміздің солтүс-тік  өңірлерінде  қарқынды  түр-де  жүргізілуде. Бұл сөзімізге облыстағы атқарылып жатқан шаруалар дәлел бола алады. Атап айтар болсақ, аудан орталығы  Қарамеңді селолық округінде 2010 жылы бастаған жұмыс нәтижесінде 4 жылда аяқталып, таза су халыққа қолданысқа берілді. Жұмыс барысында 5 насосты станция салынып, 500 текше метр көлемінде су жиналып, 1 және 2 башня арқылы ауылға жіберіледі. Сондай-ақ суды үнемдеу, оның бейберекет пайдаланылуына жол бермеу жағы да ескерілген. Қазіргі таңда бұл мақсатта ауыз суды есептеу құрылғылары орнатылып жатыр. Аудан орталығында қазіргі таңда 150-ден аса аула тұрғындары суға қосылды. Қосылу құны 500 теңге, ал колонкадан үйге тарту үшін 1 шаршы метр — 2500  теңге  тұрады және ҰОС ардагерлер  мен зейнеткерлер, жарымжан  жандарға   өзіндік жеңілдіктері бар.

Халық үшін сапалы ауыз суға қолжетімділіктің маңызы өте зор. Осыны сезінген Үкімет ел тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бар күшін салып отыр. Сондықтан да әлеуметтік маңызы жоғары "Ақбұлақ" – жан-жақты, тыңғылықты зерттеліп-зерделенген бағдарлама. Бағдарлама ойдағыдай орындалып жатса, қала мен ауыл хал-қы толығымен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін күн де алыс емес. 

Ал аудандағы  Буревестник селолық округіне салынып жатқан бұл жоба әлі жалғасуда. Ол жоба келесі жылы қазан айында қолданысқа беріледі деп сендірді аудан әкімдігі. Буревестник ауылына жалпы сметалық құны 574 млн. теңгеге су құбырлары тартылмақ.  Соның ішінде биыл-ғы жылға 189 млн.  теңге бөлінді. Оның 170 млн. республикалық бюджеттен бөлінген қаражат. Бұл жұмыстар 2015 жылы аяқталады деп күтілуде. Жоба бойынша 19 шақырымдық су құбыры салынады және үш су сорғы станциясы бой көтереді. Бұл жұмыстармен "Мега" ЖШС айналысып жатыр. Одан кейін кезек күттірмей тұрған Шолақсай мен Раздольный селолық округтері.

Әрине, су – бар берекенің бастауы. Бұл тұрғындар үшін жағымды жаңалық. Табиғи таза ауыз судың адам денсаулығына пайдасын айтпасақ та түсінерсіздер. Мал бағып, бақша ұстайтын ауыл адамы үшін бәрі ойдағыдай жүзеге асып жатса, бұдан асқан жақсы жаңалық болмас еді.

Үйіне су кіргізіп, қызығын көріп  отырған Бақытжан Рахметов ақсақал:

– Жалпы "Ақбұлақ" бағдарламасының елге берері мол бастама. Ауданда су тартылды. Су өте таза, әрі жұмсақ және тұрғылықты халық үшін тиімді екені  белгілі ғой. Ауылда мал ұстайтын, бақша егетін адамдар үшін қолайлы, жазда бақшамызды суарып, бар қажетімізге қолдандық. Сонымен қоса суды қостыртып алу да тиімді. Біз секілді зейнеткерлерге жеңілдіктері бар. Суды үйге кіргізіп алдық. Үйіміздің ішінен жуынатын бөлме, тіптен дәретханаға дейін қойдырдық. Қаладан еш кем емес. Жұрттың бәрі қалаға ұмтылады, егер ауылда осындай жағдайды үкімет жасап қойса, ешкім ешқайда кетпес еді. Өз туған жеріме ештеңе жетпейді. Көркейе бергенін қалайсың, әрине.

Базар Кенешова,

ауыл тұрғыны:

– Бұрын суды ауламызда тұрған құдықтан алатынбыз. Бақша суарып, суды көп алсақ таусылып қалатын. Сосын аз-тұмдап қолдануға мәжбүр болдық. Судың тапшылығынан зардап шектік демесем де молынан қолдана алмайтынбыз. Осының кесірінен бау-бақшамыз да жайқалып өспеді. Кейін ауданға су тартты. Қазір шынын айту керек, рахатын көріп жатырмыз. Су таза, әрі жұмсақ. Судың берілу екпіні де қатты. Жақсы болды. Ауыл адамының еңбегі көп қой. Осындай тұрмыстық жағдайларымыз түзеліп жатса қандай жақсы.

Юля Молова,

Буревестник ауылдық әкімдігінің бас маманы:

– Ауылға ауыз суды көлікпен тасып тұрады. Су ұңғымасы ауылдан 18 шақырым жерде орналасқан. Судан таршылық кө-ріп отырмыз дегеніміз дұрыс болмас. Себебі, су үнемі жеткі-зіліп тұрады. Бірақ, су сорғыштың сынып қалатын кездері де бар. Сондай  шақта  қиындық     туады. Қазір ауылға "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша су тартылып жатыр. Үйді-үйге су жеткізілер күн де алыс емес. Ауылда барлығы 1300-ге жуық тұрғын тұрады. Жаз айларында бау-бақшаға суды тоғаннан аламыз. Егер суға қол жетіп жатса қуанышымызда шек болмас еді.

Сертай Шамарденұлы,

Шолақсай ауылының әкімі:

– Шолақсай ауылының суы тұщы. Ауылда әр аулада ұңғымалар, оның сыртында жергілікті ЖШС, әкімдікте, мектепте, балабақшада жеке скважиналар бар. Ауыл бойынша он құдығымыз да бар. Десе де, судың құбырмен тартылғанына не жетсін. Бұрын заманның түзу кезінде ауыл түгелімен сумен қамтылып, калонкалар жұмыс істеп тұрған болатын. Талан-таражға түскен кезеңде соның бәрі тоқтап қалды, ал жер астындағы құбырларды, ауыл ішіндегі колонкаларды сақтап қалдық. Енді су тартылса сол құбырлар қайтып жұмыс істер. Мен олардың сапасы жағынан қандай деңгейде екенін біл-меймін. Бірақ, бұл жұмыс барысында көмек болады деп ойлаймын. Келер жылы су тартылса деп аудандық әкімдікке құжаттарымызды әзірлеп, өтініш берген болатынбыз. Егер қаражат бөлініп жатса, жақсы болар еді. Ал үйлерге суды тартып, кіргізіп алуына ауылдағы ЖШС басшылар көмек беретініне мен кәміл сенемін.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Науырзым ауданы.

Қостанай облысы.

Абай.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1589
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1482
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1231
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1209