Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Міне, көрдің бе? 4944 0 пікір 11 Қараша, 2014 сағат 18:13

Ахметов атқа қонды

ШҚО әкімі болып Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Министрі қызметін атқарған Даниал Кенжетайұлы Ахметов тағайындалды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

 Даниал Ахметов 2009 жылдан бері аймақты басқарған Бердібек Сапарбаевтың  орнына келді. V шақырылған ШҚО мәслихатының кезектен тыс ХХІІІ сессиясында жаңа басшыны аймақ активіне ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов таныстырды.

Даниал Ахметов 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1976 жылы «Павлодар тұрғынқұрылыс» тресінде мастер, аға прораб болып бастап, Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Екібастұз энерго-тұрғын үй өндіріс құрылысы» тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды.

Д. Ахметов 1993-1997 жылдары Павлодар облысының әкімі, 1997—1999 жылдары СҚО әкімі, 1999-2001 жылдары ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметінде болып, 2001-2003 жылдары Павлодар облысының әкімі болып қайтара тағайындалды. Сондай-ақ, 2003-2007 жылдары ҚР Премьер-Министрі, 2007-2009 жылдары Қорғаныс Министрі қызметінде болды.

ШҚО экс-әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Abai.kz

 

0 пікір