Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3946 0 пікір 13 Қараша, 2014 сағат 15:56

ТҚЖБ: КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС КӨКШЕТАУДА ӨТЕДІ

 

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жанындағы Қоғамдық кеңес кезекті отырысын Ақмола облысында өткізбекші. Кеңес мүшелері аймақта «Қол жетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үй құрылыстарының барысымен таныспақ.

Қоғамдық кеңестің назары Көкшетау қаласына кездейсоқ түсіп отырған жоқ. Соңғы кездері кеңеске облыс орталығы тұрғындары тарапынан айтылған арыз-шағымдар жолданған болатын. Салымшылар Көкшетау қаласының «Васильков» ықшам ауданында салынып жатқан 150 пәтерлік тұрғын үй құрылысының жұмыстарына алаңдаушылық білдіруде. Ақмола облыстық әкімшілігімен арадағы келісімге сай аумағы 9,9 шаршы метр болатын құрылыс нысаны биылғы жылдың қыркүйек айында аяқталуы тиіс болатын.

Бұл мәселе «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жанындағы Қоғамдық кеңестің екінші отырысында, үстіміздегі жылдың 22 қыркүйегінде қаралған болатын. Осы отырсқа қатысқан банк өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері және жергілікті басқару органдарының өкілдері мен баспана құрылысына қатысушы салымшылардың өкілдері «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасының талабына сай Көкшетаудағы тұрғын үй құрылысын аяқтауда орын алған кемшіліктерді талқылап, оны шешудің жолдары қарастырылған еді.

Сондай-ақ, осы отырыста құрылыс жұмыстары баяу жүргізіліп жатқан, жалпы аумағы 109 мың шаршы метрді құрайтын 31 тұрғын үйдің уақтылы аяқталуы сын тезіне салынған еді. Бұл тізімдегі нысандардың тоғызы Ақтау мен Алматы қалаларына тиеслі болған.  5 нысан Көкшетау қаласында, Атырау мен Шымкентте үш үй құрылысы аяқталмағаны анықталған. Сондай-ақ, Павлодар мен Петропавл қалаларында да бір-бір тұрғын үйдің құрылысына қатысты сұрақ туған.

– Қоғамдық кеңестің екінші отырысынан бері едәуір уақыт өтсе де, тұрғын үй құрылысына қатысты алаңдаушылық азаймай отыр. Оны банк тарапынан да, қоғамдық кеңеске  шағым айтушылардан да байқауға болады. Дөңгелек үстел барысында атқарушы билік бізді барлық нысандардың құырлысы жыл соңына дейін аяқталады деп сендірген еді. Осы жолы Көкшетаудағы жұмыстарды өзіміз көріп, істің нәтижелі аяқталарына көз жеткізгіміз келеді, - дейді ТҚЖБ жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Сейітқазы Матаев.

Ал, Қоғамдық кеңес мүшесі, тележурналист Сергей Пономарев  былай дейді:

– Атқарушы биліктің айтылған мерзімге дейін берген уәделерін орындай алатындығына көз жеткізу – банк салымшыларының ғана емес, тұтас тұрығын үй саласына деген әлеуметтің сенімін ақтау болмақ. «Қол жетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы бері Ақмола облысында үш рет әкім ауысты. Бірақ, бұл бөлінген қаржы мен жүктелген міндеттің мақсатты әрі уақтылы жүзеге асырылуына кедергі болмауы тиіс. Қоғамдық кеңес мүшелері Көкшетаудағы құрылыс нысандарының барысын көзбен көру арқылы, банк салымшыларының көптеген сауалдарына жауап табады...

Еске сала кетейік, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жанындағы Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы 2014 жылдың 18 қарашасында Көкшетау қаласында өтеді.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2067
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2496
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2105
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608