Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Судың да сұрауы бар... 7284 0 пікір 18 Қараша, 2014 сағат 11:27

АСТАНАҒА ҚАУІП ТӨНІП ТҰР

ҚР Президенті 

 Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің

назарына!

Астана қаласының әкімі 

 Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековтың

назарына!


 

Астана – елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығындағы тәуелсіз Қазақстанның ең маңызды жобасы. Күллі Қазақ елінің мақтанышы.

Президентіміздің бақылауында тікелей жүргізіліп отырған қала құрылысы күн өткен сайын түрленіп келеді. Алайда ақша табуды мақсат еткен ұятсыз жемқорлардың айласы Астананың болашағына қатер төндіріп, Президентіміздің тапсырмасына қянат жасап жатқандай. Соның бірі – Елбасының тікелей тапсырмасымен дайындалған Астананың жарақсыз суларын жинаған «Талдыкөлді тазарту» жобасы. Бұл туралы Президенттің: «Мұрындарыңыз иіс сезбей ме?» - деп депутатармен кездесуде айтқанын білесіздер.

Бұл жоба:

 ПРОЕКТ ОЧИСТНЫХ СООРУЖЕНИЙ и ВОССТАНОВЛЕНИЯ ПРУДА-

НАКОПИТЕЛЯ   "ТАЛДЫКОЛЬ" деп аталады.  ЭТАП-3.

Жобаның мақсаты: Цель проекта:

1. Очищение шламонакопителя «Талдыколь», увеличение глубины пруда для восстановления его дна;

2. после восстановления пруда «Талдыколь» выполнение работ по уменьшению уровня воды, а также работ по благоустройству и планировке ландшафта (Түпнұсқадан алынып отыр).   

15 миллиард теңгеден артық қаржы бөлінген осы жоба аяқсыз қалатын түрі бар. Себебі, бұл жобаны іске асыруды міндетіне алған Түріктің «Аларко» компаниясы жобаның негізгі сатысы есептелетін 3 сатыны өзі орындауға қауқарсыз болып отыр. «Аларко» компаниясы Астананың болашағына саяатын осы жобаны Неміс азаматы Финдзайн (Walter Findeisen) мырзаға тапсырған. Алайды Финдзайн (Walter Findeisen)  мырзаның компаниясының аты бірнеше рет өзгерсе де Неміс үкіметі жағынан банкрот деп танылып,  өзі 5 рет сотқа шақырылып, келмеген жағыдайда тұтқындауға санкция берілген. Ол  ең қауіпті жұмыс істеуге жарамсыз бизнесмен ретінде неміс үкіметінің қара тізіміне енгізілген.

Алдын ала ескертулерге қарамастан «Аларконың» осы маңызды жобаны әлдебір алаяққа неге тапсырғаны түсініксіз болып отыр.

Сонымен  уағында тазартылмаған әрі құрғатылмаған сасыған Талдыкөлдің суы экологтар айтқандай жер астына сіңіп, сол жағалаудағы құрылыстардың фундаментіне сіңе бермек.

 Екінші жағынан, Талдыкөлдің уақтылы тазартылуы мен құрғатылуы Астана тарихында орын алатын «Экспо-2017» көрмесінің сәтті өтуі үшін де аса маңызды.

 Біздің айтпағымыз: Астананың экологиясын тазартуға бөлінген мемлекеттің қаржысы «Аларконың» арқасында шетелдік аляқтың қалтасында кетіп, президентіміздің тапсырмасы тағы орындалмай қала ма деп қорқамыз. Тиісті құзырлы органдардың барлығына да осыны ескертеміз.

Қосымша  мәліметтер:

 1. Финдзайн (Walter Findeisen) фирмасының аты  талай рет өзгеруіне қарамастан  банкротқа ұшырай беретіні туралы құзретті органның мәліметтері:

 

 

2. Финдзайн (Walter Findeisen) мырзаның банкрот болуына байланысты мемлекет алдында  түсініктеме беруден 5 рет  қашқандықтан тұтқындауға санкция берілгені туралы соңғы мәліметтер:  

 

3. Іскерлік байланыс ритинг туралы ақпарат орталығының Финдзайн (Walter Findeisen)  және оның фирмасының жұмыс жасауға аса қауіпті екендігі көрсетілген ресми анықтама:

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1963
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2291
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1880
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1553