Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5082 0 пікір 18 Қараша, 2014 сағат 11:59

Жастар театры Алматыға келеді

Астана қаласы әкімдігінің Жастар театры 2014 жылдың 20–23 қараша күндері аралығында Алматы қаласында гострольдік сапарын өткізеді. Гастроль барысында алматылық көрермен театр репертуарындағы У.Шекспирдің «Асауға тұсау», Б.Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең бала ғашық...»,  С.Дүйсенбиевтің «Махаббат миниатюралары», Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» қойылымдарымен қатар, жас бүлдіршіндерге арналған  «Ұр тоқпақ» халық ертегісін тамашалай алады. Іс-сапардың негізгі мақсаты жасампаз да жалынды жас театрдың өнерін еліміздің мәдени астанасы – Алматы жұртшылығының назарына ұсыну болып табылады.  

Сонымен қатар, Алматы қаласында қараша айының 22-30 күндері аралығында жас театрлардың қатысуымен өтетін халықаралық «Откровение» фестивалінде танымал театр және кино артисі Д.Серғазиннің режиссерлігімен сахналанған М.Левидің «Жер мен көктің арасы» қойылымы бақ сынамақ.

Спектакльдер Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында өтеді.

Осы айтулы өнер оқиғасына орай Жастар театрының ұжымы қараша айының 20-сы күні  сағат 17:30-да  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының конференция залында (301-кабинет) БАҚ өкілдерімен ақпарат бөліседі.

 

Баспасөз көнференциясына қатысушылар:

 

Айболат СЕКСЕНБАЕВ  – театр директоры

Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ – театрдың көркемдік жетекшісі және бас режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері 

Бейбіт ҚҰСАНБАЕВ – театр актері

Әділ АХМЕТОВ – театр актері

Мәдина ЖҰМАБАЕВА – театр актрисасы

 

Құрметті журналистер қауымы! Жастар театрының өнерін тамашалап, ақпараттық демеу білдіруге шақырамыз!

 

 

 

Жастар театрының Алматы қаласындағы гастрольдік сапарының кестесі:

 

20 қараша, сағ. 18.30 Б.Соқпақбаев «...Көзіме бір көрінсең

                                                             бала  ғашық...» (сахналық повесть)

21 қараша сағ. 18.30 У.Шекспир «Асауға тұсау» (комедия)

22 қараша сағ. 18.30 С.Дүйсенбиев «Махаббат миниатюралары»

                                            (театрландырылған концерттік бағдарлама)

23 қараша сағ. 18.30 Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» (комедия)

20-23 қараша сағ. 11.00, 13.00 Халық ертегісі «Ұр тоқпақ»  

 

Фестиваль аясында

24 қараша сағ. 19.00 М.Леви «Жер мен көктің арасы» (мелодрама)

 

 

Анықтама тел: 8(7172) 701 – 218, 8(7272) 271-42-37, 8701 322 88 28

www.zhastar-theatre.kz                     e-mail: tuz_ast@mail.ru

  

"Абай-ақпарат"

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1971
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2335
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1918
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1563