Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Көршінің көлеңкесі 5161 0 пікір 18 Қараша, 2014 сағат 13:27

«НҰРЛЫ ЖОЛ»: ЕНДІГІ БАҒЫТЫМЫЗ БЕЙЖІҢ БЕ?

Елбасының биылғы Жолдауын ел ішінен гөрі сырт көз ежіктеп оқуға кіріскен сыңайлы. Біз ерін ұшымен емеурін танытып үлгергенше, басқа жұрттың баспасөзі бас құжатты бұтарлап талдауды бастап жіберіпті...

Әсіресе, Ақорданың әр адымын аңдып-баққан орыс сарапшылары «Нұрлы жолдың» болашағын болжап, сәуегейлік айтып жатыр. Мінеки, мәскеулік slon.ru сайтының «Назарбаев готовится променять Россию на Китай» атты мақаласы соған дәлел.

Кремль қабырғаларындағы күбір-сыбырға құлағы түрік журналисттің пайымдауынша, әлемдік державалар тарапынан жасалып жатқан қысым Мәскеудің ежелгі одақтастарын ойлануға мәжбүр етуде. Егер Ресей экономикасы күйреу жағдайына жетсе, еларалық тауар айналымы ортақ Қазақстанның да қосақ арасында кетері анық. Мәселен, қазіргі таңдағы Қазақстан нарығындағы ресейлік өнімдердің үлесі 36 пайызды құраса, Ресей нарығындағы қазақстандық үлес не бәрі 7 пайыздық межеде. Демек, Ресейдің басын қысқан ноқта, Қазақстанның демін тарылтатыны белгілі. Дей келгенде, «Slon.ruдың» сарапшысы Ресейге салынған экономикалық санкцияларды айналып өтудің жолын табу үшін Қазақстан ендігі жерде екінші әлеуетті мемлекетке арқа сүйеуі мүмкін деп топшылайды. Және ол одақтастың Қытай халық республикасы болатындығын да кесіп-пішіп отыр. Өйткені, Қазақстан нарығындағы ҚХР тауарларының үлесі аз жылдар ішінде 16 пайызға жетіп, күн өткен сайын қарқын алып келеді.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1971
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2336
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1919
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1563