Жұма, 29 Мамыр 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 9932. Жазылғандар — 4900. Қайтыс болғандар — 37
Билік 5200 0 пікір 19 Қараша, 2014 сағат 12:57

ТОҚЫМА ӨНДІРІСІ: ӨРІСІ МЕН ЖЕМІСІ

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі және оның еншілес құрылымдары «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» мен «Қазақстан Даму Банкі» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігімен бірлесе Шымкенттегі тоқыма фабрикасын іске қосты

Кәсіпорынның іске қосу шарасына «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Айталиев, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ринат Сисембаев, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, «Textiles.kz» компаниялар тобының Президенті Шолпан Жарасова және Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық палатасының өкілдері қатысты.

2012 жылы «Textiles.kz» компаниялар тобына кіретін «Ютекс» және «Меланж» акционерлік қоғамдарының тоқыма фабрикалары «Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру-2020» бағдарламасына енгізілген болатын. 2014 жылғы мамыр айында Экономиканы жаңғырту бойынша Мемлекеттік комиссия шешімімен «Textiles.kz» компаниялар тобының міндеттемелері бойынша құқықты «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамынан «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» акционерлік қоғамына беру мақұлданды. Барлық өндіріс кезеңдерін бақылау және шикізатпен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін «Capital logistics» жауапкершлігі шектеулі серіктестігінің («Қазақстанның Инвестициялық Қоры» АҚ-тың 100% еншілес құрылымы) мойнына алу жөнінде Қазақстанның Инвестициялық Қорымен тоқыма кәсіпорындарын сауықтыру жоспары жасақталған болатын. Өз кезегінде, Қазақстанның Даму Банкі «Capital logistics» серіктестігіне «Ютекс kz» АҚ кешенінің өндірістік құрылысын аяқтау үшін және «Меланж», «Ютекс» және «Ютекс kz» акционерлік қоғамдарына мақта талшықтарын сатып алуы үшін несие желісін берген.

Сөйтіп, «Меланж» және «Ютекс» акционерлік қоғамдары  фабрикаларының іске қосылуынан өндіріс қуаттылығы жылына 17,8 мың тоннаны, ал дайын тоқыма өнімі жылына 8,4 млн. метр бойын құрайтын болады. Құрылыстың аяталуы мен «Ютекс kz» фабрикасының іске қосылуы нәтижесінде 2016 жылы жіп өндірісінің қуаттылығы жылына 8,4 мың тоннаны құраса, дайын тоқыма өнімі жылына 10,6 млн.метр бойын құрайтын болады. Бүгінгі таңда фабрикаларда 400-ден астам адам жұмыс істейді және жоғарыда аталған үш тоқыма кәсіпорындарының толыққанды өндірістік қуаттылыққа шыққаннан кейін 2000-нан астам адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетін болады.    

Өндірілетін өнімнің 30%-ын – төсек-орын тыстары, түкті сүлгілер өнімдері мен арнайы киімдерді Қазақстанның ішкі  нарығы тұтынады. Өндірілетін өнімнің қалған 70%-ын – төсек-орын тыстары, түкті сүлгілер өнімдері, тоқыма жіптері мен сүлгі маталар Қытай мен Еуропа елдеріне экспортталады.  

Қазіргі уақытта «Қазақстан Темір Жолы» төсек-орын тыстары мен арнайы киімдер – дайын өнімдерді сатып алуға ұзақмерзімді келісім-шартқа отырды.

0 пікір