Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Қоғам 6332 0 пікір 24 Қараша, 2014 сағат 11:04

Бауыржан Бабажанұлы. Бір ұсыныс...

Бірнеше күннен бері Ақтөбеде сегіз балалы отбасының үйлі болғаны туралы сүйінші хабарды БАҚ біткен жарыса жариялап жатыр. Дұрыс-ақ! Үй сыйлаған, отағасын жұмысқа алған  кәсіпкер Мейіржан Өндіргеновтікі — ерлік! Мың алғыс оған! Алла байлығын еселеп, отбасының құт-берекесін арттыра берсін!

Ал енді  мына заманда, басында үйі, тұрақты жұмысы жоқ бола тұра, бір Аллаға сеніп, Құдай қаласа, тоғызыншы баланы дүниеге әкелейін деп отырған Серік пен Айсәуле қандай мақтауға да лайық! Олар Конституция бойынша ең үлкен байлық — адам санын көбейтіп отыр!  Нағыз ерлік солардікі! Әсіресе халқының  саны таздың шашындай аз Қазақстанда бұндай ерлік тіпті зорайып көрінуі тиіс!

«Алтын алқа» алатын аналар саны жылдан-жылға азайып барады. Алдағы жылдарда тіпті азаюы мүмкін. Сондықтан Үкімет  Батыр аналарға кезектен тыс үй беру туралы арнайы қаулы қабылдауы тиіс! Сонда  қалалық, аудандық әкімдіктердің де «қолдары шешілер» еді. Әйтпесе олар қазір кезегі келмей, «Алтын алқа» иелеріне бірден үй бере алмайды, құқық қорғау орындары «заңсыздықты» бірден «аңғарады». Ал көпбалалы отбасылардың  кейде кезекке тұру жағына мән бере бермейтіні де бар...

Парламент депутаттары осы мәселені көтерсе,  құба-құп болар еді-ау!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар