Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4555 0 пікір 2 Желтоқсан, 2014 сағат 15:03

ҮЙ САТЫП АЛҒЫЗЫҢ КЕЛЕ МЕ? ИНТЕРНЕТТІ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша пәтер бөлу онлайн режимде өтеді
Тұрғын ұй құрылыс жинақ банкі бағыты бойынша «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының жұмысы ашық болуы үшін адам факторы алынып тасталды. Бұл туралы Алматыда өткен брифинг барысында «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеген болатын.
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша баллды есептеу мен пәтер бөлу процесінің ашық өтуі үшін толығымен адам факторының әсері алынып тасталды. Банкте аталған үдерістер толығымен автоматтандырылған, процесті онлайн режимде банк сайтынан қарап отыруға болады», - дейді басқарма төрағасы.
Тұрғын ұй құрылыс жинақ банкі арқылы қазір үй сатып алушылар пулына қатысу үшін өтінішті интернет арқылы беруге болады. Осы арада ескертетін жайт: тіркеу кезінде өтінішке тиісті нөмір бірге бекітіледі. Пулдар бойынша пәтер бөлу онлайн режимде өтіп жатыр және барлық мәліметтер банктің сайтында бірден жариялануда.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1325
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1182
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 925
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1036