Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2088 0 пікір 14 Мамыр, 2010 сағат 09:07

ЕҚЫҰ бас хатшысы Қырғызстандағы ахуалды тұрақтандырудағы Қазақстанның ролін жоғары бағалады (толықтыру)

Алматы. 14 мамыр. ҚазТАГ - Дилярам Аркин. Вена Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын, соның ішінде Қырғызстандағы жағдайды реттеуге қосқан үлесін оң бағалайды, деп мәлім етті ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо.

«Венадағылар ЕҚЫҰ-ға қазақстандық төрағалыққа, соның ішінде Қырғызстандағы жағдайды реттеудегі ролін оң бағалап отыр», - деп мәлім етті ол жұма күні Алматыда мемлекеттік хатшы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен екіжақты кездесу барысында.

Өз кезегінде Қ. Саудабаев М. Бришамбоға көрші мемлекеттегі қақтығысты реттеуге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

«Біз көп жетістікке қол жеткіздік, осы үшін сізге шексіз алғыс айтқым келеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл процеске қатысып, бауырлас мемлекеттегі зорлық пен азаматтық соғыстың алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын білесіз. Оның арқасында Қырғызстандағы дағдарысты жағдайды артта қалдыру үшін АҚШ президенті Барак Обамамен бірлескен және өзара үйлестірілген әрекеттер жасай алдық», - деді Қ. Саудабаев.

Сондай-ақ, ол Қазақстанға Қырғызстандағы жағдайды реттеуге қолдау көрсеткен БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунға да алғыс білдірді. «Сонымен қатар, біз бұл оқиғаға жедел үн қатып, өзінің арнайы өкілі Ян Кубишті Қырғызстанға аттандырған Пан Ги Мунға да алғыс білдіреміз. Сондай-ақ, біз көрші елдегі саяси тұрақсыздық күндері тиімді әрекет еткен Еуроодақ пен ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі кеңсесіне алғыс айтамыз», - деді Қ.Саудабаев.

Мемлекеттік хатшы-сыртқы істер министрі Қ. Саудабаевпен екіжақты кездесу барысында ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының президенті  Жоао Соареш Қазақстанды ЕҚЫҰ тарихындағы ең белсенді төраға деп атады.

«Мен Қазақстанның ЕҚЫҰ барлық функцияларын лайықты деңгейде атқарып отырғанын қуана атап өткім келеді. Біз сіздің төрағалығыңыз басталғалы бері бақылап отырмыз. Және жеке сіз де бізден құттықтау естуге лайықтысыз. Қазақстан - ЕҚЫҰ-ның мен көрген ең белсенді төрағасы», - деді Ж. Соареш.

ЕКПА басшысы ҚР СІМ қызметкерлерінің оң қызметін атап көрсетті. «Мен сіздердің қақтығыс болған барлық жерде болғандарыңызды білемін және сіздердің жұмыстарыңызды жоғары бағалаймын», - деді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1990
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2401
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1963
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1576