Сенбі, 18 Мамыр 2024
Айбын 7118 0 пікір 16 Желтоқсан, 2014 сағат 18:20

ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ҚАЛАЙ ТОЙЛАДЫ?

Түрік жеріндегі қазақтар Еліміздің тәуелсіздік мерекесін тойлауды ерте бастап кетті.  3 Желтоқсан Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінде Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты қабылдау өткізіліп, оған Түркияның 11 президенті Абдұлла Гүл қатысты. Мың адамнан артық кісі қатысқан іс-шараға Түркияның экономика министрі – қазақ-түрік үкіметаралық экономикалық комиссиясының тең төрағасы Нихат Зейбекші, Түркияның энергетика және табиғи ресурстары министрі Танер Йылдыз, Түркияның білім беру министрі Нәби Авжы, Анкара әкімі Мелих Гөкчек, Түркия Қарулы әскерлері Құрлықтағы әскерлерінің қолбасшысы Хулуси Акар, түрік истеблишментінің өкілдері, парламентарийлер, Анкараның дипломатиялық корпусы, Түркияның қоғамдық-саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қоғамдастықтары, сонымен қатар қазақ диаспорасының өкілдері мен қазақ студенттері қатысты. Мерекелік құттықтау кешінің соңы концертке ұласты.  

Түркияның әр бір қаласындағы қазақ студенттері де өз деңгіейінде Тәуелсіздік мерекесін құттықтап, түрлі іс-шара өткізді.  Ыстамбұл қазақтары Тәуелсіздік күнін кең көлемде атап өтті. Жиын соңында Ыстамбұлдағы стуленттер футбол матчын өткізіп, достық кездесулер жасады. Бұл туралы әлеуметтік желіде  Ыстамбұлдағы қазақ студенттер өкілі Ербол Серғали жазды.

Әлеуметтік желілерден басқа да қалалардағы қазақ балалары еліне дұғай сәлемдер мен құттықтаулар жолдап жатты. Кония қаласындағы жастар «Алаш идеиясын» дәріптеп, Тәуелсіздікке тағзым етсе, Түркияның Кастамону қаласы студенттері Тәуелсіздік мерекесін шағын концерттік бағдарлама өткізіп қарсы алды. Бағдарламада Желтоқсан оқиғасынан театрландырылған көріністер қойылды.

Қазақ елінің Тәуелсіздік мерекесіне Сакариядан да сәлем жолданды.

Ал, Анкара жастары Қазақ даласына төмендегілей бейнеролик арқылы құттықтауын арнады.

;feature" type="application/x-shockwave-flash">;feature" />;feature" />

Қазақтың  байлығы қара жерінің асты-үсті, көк аспаны ғана емес тәуелсіздігі. Тізгінін өз қолына алғаннан бері қарайғы 23 жыл ішінде алаш баласы әлемге танылды. Дәл бүгінгі күні дүниенің түкпір-түкпірінен Сарыарқаның төріне құттықтаулар ағылып жатыр. Жаратқанға мың тәубә! Егемен елміз, заңды шекарасы, құнсыз болса да теңгесі бар, байтақ мекенді иеленген Тәуелсіз мемлекетпіз!

Ресейдің, Түркияның, Қытайдың «Респблика күні» сияқты мемлекеттік мерекелерін қалай тойлайтынын көрген шығарсыз. Қарапайым жұрт ешбір шақырусыз қалалардағы орталық алаңға үлкен мерекелік көңіл-күймен жиналады. Жастар қызғалдақтай жайнап, жалынды жырларымен өр еңсесін көрсетіп, елдің ертеңгі иесінің кім екенін дүниеге паш етеді. Жерқайысқан қарулы әскер салтанатты парад өткізіп, әлемге өз елінің айбынын көрсетеді. Ал, бізде ше? Сынауын әлі тапсырып үлгермеген студенттер кездейсоқ демалыстың шарапатына бөленіп, Алаш зиялыларының, Желтоқсан құрбандарының тас мүсіндері өзіне тиесілі «мерекесінде» гүлсіз қалады. Бабалар рухының тас бейнесінен әлем-жәлем безендірілген шыршалардың қасиеті артық сияқтанады. Тәуелсіздік мерекесі тек тым ресми жағдайларда жабық залда салтанатты құттықтаулармен ғана тойланады.  Менікі егемен еліміздің елеулі мерекесін сынау емес, Тәуелсіздік мерекесін айбынымызды әлем танитын деңгейде тойлайтын күндерге жетсек деген ниет қана. Көк туымыз күн сөнгенше желбірей берсін!

Нұрғали Нұртай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2328
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653